16.08.2022, 16:10 11761

Премьер-Министр Энергетика министрлігіне ЖЖМ нарығындағы тапшылықты болдырмау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Министрлік шекара периметрі бойынша транзиттік көлік үшін дизель отынына сараланған баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі.
Премьер-Министр Энергетика министрлігіне ЖЖМ нарығындағы тапшылықты болдырмау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 16 ТАМЫЗ - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне жанар-жағармай нарығындағы тапшылықты болдырмау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет басшысы кейбір өңірлерде дизельдік отын бойынша проблема туындап отырғанын атап өтті.
 

Бұл азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Егіс науқаны басталар алдында мұндай проблема қалай орын алып отыр?" — деді Әлихан Смайылов энергетика министріне. 

 
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
 

Жанармай құю станцияларының иелерімен тиісті жұмыстар жүргізу керек. Азаматтарымыз бен ауыл шаруашылығы саласы зардап шекпеуі керек. Болат Оралұлы, жағдайды күнделікті жеке бақылауыңызда ұстаңыз. Отандық тұтынушыларға және транзиттік автокөліктерге жанар-жағармай бағасын саралау бойынша сіз айтқан қағидаларды 20 тамыздан бастап жедел қабылдап, қолданысқа енгізу қажет", — деп тапсырма берді Премьер-Министр. 

 
Естеріңізге сала кетейік, министрлік шекара периметрі бойынша транзиттік көлік үшін дизель отынына сараланған баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі
 
Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланатын болады.
 
Мәселен, қазақстандықтар үшін жүргізуші куәлігі болған жағдайда, қазіргі баға – 230-260 теңге бойынша лимит тәулігіне 100 литр дизель отынын құрайды, Қазақстанда тіркелген жүк көлігі үшін – тәулігіне 300 литр. 
 
Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемнен артық дизель отыны үшін 1 литр 450 теңгеден сатылатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны