30.01.2023, 10:53 26811

QazaqGaz итальяндық әріптесімен Қашағандағы газ өңдеу зауытын салу кезіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Санжар Жаркешов инвесторлармен экономикалық тұрғыдан тиімді принципі арқылы жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді
QazaqGaz итальяндық әріптесімен Қашағандағы газ өңдеу зауытын салу кезіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Сурет: qazaqgaz.kz
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "QazaqGaz" ҰК Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Eni компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесіп, еліміздің газ саласын реформалау аясында серіктестік орнату туралы сөйлесті, деп хабарлайды "QazaqGaz" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, оларды тауарлық газға белгіленген формуланың өзгеруі де қызықтырып отыр.

Санжар Жаркешов инвесторлармен экономикалық тұрғыдан тиімді принципі арқылы жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Оның айтуынша мұндай қадам инвестициядан бөлек, ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, QazaqGaz және Eni Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы аясында серіктестік орнату мүмкіндігін де талқылады.

Eni - италиялық ірі мұнай-газ компаниясы. Eni Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі қызметін Батыс-Қазақстан облысындағы Қарашығанақ және Солтүстік Каспийдің таяз суларындағы кен орнында жүргізеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны