21.09.2022, 16:13 22966

ҚР-да әйелдердің зейнет жасын көтеруді тоқтату қосымша 800 миллиард теңгені талап етеді - Жамаубаев

ҚР-да әйелдердің зейнет жасын көтеруді тоқтату қосымша 800 миллиард теңгені талап етеді - Жамаубаев
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 21 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруді 2028 жылға дейін тоқтату кезінде жұмсалатын қаражат сомасы туралы айтты.
 

Алдын ала есептеулерге тоқталсақ, 2023 жылдан 2027 жыл аралығында шамамен 800 млрд теңге болады", - деді Е. Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айындағы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде қалатынын айтты.
 

Әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет", - деді Президент. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны