01.07.2022, 17:32 21056

Сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасының өсуі бөлшек сауда бағасына әсер етпейді

Сұйытылған газға көтерме сауда бағаларын 20%-ға арттыру (3,7 тг./ л.) бірінші кезекте зауыттардың сұйытылған газ өндірісін қолдауға бағытталған.
Сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасының өсуі бөлшек сауда бағасына әсер етпейді
Сурет: astana-akshamy.kz
НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - Сұйытылған газға көтерме сауда бағаларын 20%-ға арттыру (3,7 тг./ л.) бірінші кезекте зауыттардың сұйытылған газ өндірісін қолдауға бағытталған және бөлшек сауда бағасына әсер етпейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствода 2022 жылғы 1 шілдеде ҚР Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газының (СМГ) шекті көтерме сауда бағасын 1 тоннасына 33 600 теңге деңгейінде бекіту туралы бұйрығы күшіне енгенін еске салды, бұл 1 литрге шаққанда 19,7 теңгені құрайды, жыл басынан бастап көтерме сауда бағасы – 1 тонна үшін 28 000 теңгені (16 тг./ литр) құрады.
 

Бұл шара сұйытылған газды өндірушілер мен өткізушілер арасында кірістерді ішінара әділ бөлуді қамтамасыз етуге және зауыттарды сұйытылған газ өндіруге ынталандыруға мүмкіндік береді, өйткені ағымдағы көтерме сауда бағасы 1 тонна үшін 28 000 теңге болған кезде пайданың негізгі үлесі сұйытылған газды бөлшек саудада өткізумен айналысатын нарық субъектілерінде қалады, ал өндіруші зауыттар шығынмен жұмыс істейді", - деді Энергетика министрлігінде.

 
Бұл ретте ведомство қазіргі уақытта ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу мерзімдерін ұзарту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатқанын, оған сәйкес соңғы тұтынушылар үшін СМГ бөлшек сауда бағалары көтерілмейтінін және бұрынғы деңгейде қалатынын хабарлайды. Бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны