10.11.2022, 13:23 18371

Сенатта жалпы сипаттағы үш жылдық трансферттер туралы заң жобасы қаралды

Заң жобасында өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру үшін қажетті жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі белгіленеді.
Астана. 10 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Сенат депутаттары әкімшілік-аумақтық құрылымды қайта құру және үш жаңа облысты құру жағдайында әзірленген "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Заң жобасын қарады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Үш жылдық жалпы сипаттағы жаңа трансферттер бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша жекелеген тәсілдерді қолдану арқылы "теңгерімді аумақтық дамуды" қамтамасыз етуге бағытталған", - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

 
Оның айтуынша, Заң жобасы өңірлердің қаржылық дербестігін арттыруды көздейді. Онда бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысының орта есеппен 25%-ға өсуімен, сондай-ақ жекелеген түсімдерді жергілікті деңгейге 300 млрд теңге көлемінде беруге байланысты қосымша түсімдер ескерілді.
 
Болжам бойынша, өңірлердің кірістері 2022 жылы 4,7 трлн. теңгеден 2025 жылы 6,1 трлн. теңгеге дейін, немесе 30%-ға артып, 2025 жылға өзіндік кірістер үлесінің 47%-ға дейін өсуін қамтамасыз етеді.
 
Сондай-ақ, Заң жобасымен донор-өңірлер үшін бюджеттік алып қоюлар көлемін азайту жөніндегі міндет біртіндеп шешілуде.
 

Олар үшін есептеулерде арнайы жоғарылату коэффициенттері қолданылды, бұл өзіндік кірістеріндегі алып қоюлардың үлесін үш жылдық кезеңде 18%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді", - деді Ә.Қуантыров.

 
 "Базалық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджетаралық қатынастардың негізгі қағидатын іске асыру мақсатында өңірлердің ерекшеліктерін есепке алу бойынша тәсілдер қолданылды.
 
Бұл жоспарлы кезеңде өңірлердің ағымдағы шығындарының болжамын орта есеппен үш жылдық мерзімде, 1,1 трлн. теңгеге немесе 23%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
 
Заң жобасымен үш өңір-донор – Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ Атырау облысы анықталды.
 
Бюджеттік алып қоюлар:
 
2023 ж – 432 млрд. теңгені
 
2024 ж – 469 млрд. теңгені
 
2025 ж – 504 млрд. теңгені құрайды.
 
Қалған 17 өңір бойынша 2023 жылы бюджеттік субвенциялар көлемі:
 
2023 ж – 5 трлн. теңгеге
 
2024 ж – 5,3 трлн. теңгеге
 
2025 ж – 5,8 трлн. теңгеге тең болады.
 

Заң жобасын уақытылы қабылдау мемлекет кепілдік берген мемлекеттік қызметтер мен халыққа әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз ету үшін үш жылдық кезеңде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін сақтауға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады Қуантыров.

 
Қарау қорытындысы бойынша Сенат енгізген заң жобасына түзетулер Мәжіліске жіберу туралы шешім қабылданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны