10.08.2022, 15:36 10241

Үшарал әуежайының жұмысы қайта жанданды

Бүгін Үшарал әуежайы ұшу-қону жолағын жаңғырту жұмыстарынан кейін алғашқы ұшақты қабылдады.
Үшарал әуежайының жұмысы қайта жанданды
Сурет: Жетісу облысының әкімдігі
ТАЛДЫҚОРҒАН. 10 ТАМЫЗ - Бүгін Үшарал әуежайы ұшу-қону жолағын жаңғырту жұмыстарынан кейін алғашқы ұшақты қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бірінші рейстің жолаушылары Талдықорғаннан сағат 11.50-де ұшып шығып, Үшаралға 12.50-де қонды. 11 тамыздан бастап "Жетісу" авиакомпаниясы күнделікті "Талдықорған – Үшарал - Талдықорған" бағытында авиарейстерін ұшырады. Билеттерді Үшарал және Талдықорған қалаларының әуежайы кассаларынан, сол сияқты онлайн түрде де алуға болады. Сол сияқты "SCAT" авиакомпаниясының "Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан" бағытындағы әуе рейстері 15 тамыздан, ал Алматы мен Үшарал арасындағы әуе қатынасы 16 тамыздан бастап жанданады деп жоспарланып отыр", - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі аэродромның іске кірісуге әзір екендігі туралы сертификатын берген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны