24.11.2022, 18:31 29721
Тоқаев Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы Заңға қол қойды
Достарға айту
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 - 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
- 2023 жылы - 2,2 трлн теңге;
- 2024 жылы - 2 трлн теңге;
- 2025 жылы - 1,9 трлн теңге.
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт республикалық бюджетке бағытталсын", - делінген заң мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.09.2023, 18:00 2101
Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Екі ел арасындағы инвестициялық қатынастардың әлеуеті зор
Достарға айту
Астанада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Пәкістан Ислам Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, оның ішінде өзара сауданы жандандыруға және мүдделі компаниялар арасында тиімді қатынастарды орнатуға бағытталған нақты шараларды талқылады.
Министр атап өткендей, екі ел арасындағы инвестициялық қатынастардың әлеуеті зор. Қазақстан энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, мұнай-химия, цифрландыру және т. б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.
Өз кезегінде Бхатти мырза Ислам Республикасы белгіленген бағыттары бойынша, оның ішінде IT саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін хабарлады.
Сондай-ақ, тараптар төмен көміртекті саясатты іске асыру шеңберінде "жасыл" экономиканы дамыту мәселелерін талқылады. Науман Башир Бхатти 2023 жылға арналған Жасыл климат қорының (GFR) тең төрағасы болып табылады.
Қазақстан-Пәкістан
2022 жылы екіжақты тауар айналымы $73,2 млн. долларды құрады
Экспорт - $35,9 млн.
Импорт- $37,3 млн.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында екі мемлекет арасында $28,3 млн. сауда жасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.09.2023, 17:46 2271
ЕАДБ Қазақстанға тартылған инвестициялар қарқынын арттыруда
Қазақстан ЕАДБ-ден тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұр
Достарға айту
Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Қазақстанға салған инвестицияларының көлемі 2022-2026 жылдарға арналған стратегияны іске асырудың алғашқы екі жылының қорытындысы бойынша жоспардан 70%-ға артып, $2,2 млрд-тан асуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Банктің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Николай Подгузов Қазақстан ЕАДБ-ден тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрғанын атап өтті. Түрлі салаларда $5,6 млрд-қа 104 жоба іске асырылды. Бұл күн және жел генерациясының құрылысы, өңдеу секторы, химия өнеркәсібі кәсіпорындарын, ЖЭО, көшелерді жарықтандыру желілерін жаңғыртуға, сондай-ақ пойыздардың құрамдас бөліктері паркін жаңартуға, АӨК секторы компанияларын дамытуға, әуежайлар, магистральдық газ құбыры құрылысына және т. б. қатысты.
Биылғы маусым айында Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкімен серіктестікте ЕАДБ-ның қаржыландыруымен салынған Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы бойынша көлік қозғалысы ашылды. Қазіргі уақытта ЕАДБ халықаралық серіктестермен бірлесіп, Алматы әуежайын кеңейту мен жаңғыртуды қаржыландыруда. Оған қоса "Аягөз - Бақты" т/ж желісі және Қазақстан-Қытай шекарасында жаңа шекара бекетін салу жобаларының перспективасы да жоғары болып отыр. Жаңа инфрақұрылым жүк айналымын жылына 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп болжануда.
Сонымен қатар Банк "Астрахан - Маңғышлақ" магистральдық су құбырын реконструкциялауға және кеңейту жобасына да қатысуға ниетті. Жобаның әлеуметтік маңызы жоғары екенін ескере отырып, арнайы қаржыландыру шарттарын ұсыну жоспарланып отыр.
Әлихан Смайылов ЕАДБ-ның республиканың инфрақұрылымдық дамуындағы рөлі маңызды екенін және еліміздің ұлттық даму мақсаттарын ескеретін тәсілінің дұрыс екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2023, 20:31 17471
Гонконгте Қазақстанның сауда мүмкіндіктері таныстырылды
Халықаралық сауданы дамытудың негізгі құрамдас бөлігі - нарықтарды ашу және жеткізу тізбегін дамыту
Достарға айту
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2023 жылғы 13 қыркүйекте Гонконгте өткен VIII "Бір белдеу - бір жол" саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Кедергісіз сауда, инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық - "Бір белдеу - бір жол" бастамасының басты міндеті. Бүгінгі таңда бастамаға белдеу бойында орналасқан 150 ел және 32-ден астам халықаралық ұйым қосылды.
Қытай - Қазақстанның екінші ірі серіктесі, 2022 жылы тауар айналымының көлемі $24,1 млрд болды. Арнайы экономикалық аймақпен сауда серпіні қарқынды өсуде: өткен жылы Қазақстан мен Гонконг арасындағы екіжақты сауда-саттық 91%-ға өсіп, $51,8 млн-ға жетті. Біз Қытайға $1 млрд-ты құрайтын 135 тауар позициясы бойынша, Гонконгке $600 млн-нан астам сомаға 100 тауар позициясы бойынша шикізаттық емес экспортты ұлғайтуға дайынбыз", - деп мәлімдеді Арман Шаққалиев.
Халықаралық сауданы дамытудың негізгі құрамдас бөлігі - нарықтарды ашу және жеткізу тізбегін дамыту. Арман Шаққалиев Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі көлік хабына айналу жөніндегі ауқымды жоспарларын айтты.
Бұл үшін көптеген жағдай жасалды. Жыл сайын Қазақстан аумағы арқылы Қытай - Еуропа - Қытай бағыты бойынша контейнерлік теміржол тасымалының көлемі өсуде. Қытаймен шекарада "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА құру толығымен аяқталды. 2014 жылы Ляньюньган портында қытайлық серіктестермен логистикалық терминал құрылды, ол бүгінде Қазақстаннан және Қазақстанға жүктерді жинап-тиейтін негізгі пункт болып отыр. Осы жылдың мамыр айында Сиань құрғақ портының аумағында "ҚТЖ" ҰК" АҚ терминалының құрылысы басталды. "Сәулелі" қағидат бойынша Орталық - Оңтүстік, Орталық - Шығыс, Орталық - Батыс бағыттарында сапасы жоғары автожолдар жобалары іске асырылуда, олар оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа қарай өтуге мүмкіндік береді", - деді министр.
Қорытындылай келе, Арман Шаққалиев Қазақстанның инвестициялық әлеуеті зор екенін, өңдеуші және жеңіл өнеркәсіп, жаңа жоғары технологиялар, жасыл энергетика, инфрақұрылым және қаржы бағытында шетелдік әріптестермен белсенді түрде жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Анықтама: "Бір белдеу - бір жол" - Қытайдың Орталық Азия, Еуропа және Африканың 60-тан астам елін байланыстыратын қолданыстағы сауда-көлік дәліздерін жетілдіру және жаңа сауда-көлік дәліздерін құруға бағытталған халықаралық бастамасы. Көпжақты өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған "Жібек жолының экономикалық белдеуі" және "21 ғасырдың теңіз Жібек жолы" сынды екі қытайлық стратегиялық жобаны біріктіреді.
Жібек жолының экономикалық белдеуі" ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен 2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда бастау алған. Оның негізгі бағыттары:
1. экономикалық даму стратегиясы мәселелері бойынша пікір алмасу;
2. Тынық мұхитынан Балтық теңізіне дейін бірыңғай көлік инфрақұрылымын салу;
3. кедергілерді жоя отырып, сауда байланыстарын нығайту;
4. валюта ағындарын күшейту;
5. халықтар арасындағы байланысты нығайту.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2023, 13:27 18286
Ел экономикасы 8 айда 4,9%-ға өсті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің қаңтар-тамыз айларында атқарылуы қаралды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмірин ҚР Үкіметінің отырысында мәлімдеді.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлім еткендей, есепті кезеңде Қазақстан экономикасы 4,9%-ға өсті. Атап айтқанда, нақты сектордағы өсім 4,4%-ды, қызмет көрсету саласында – 4,8%-ды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалады, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2%-ды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49%-ға, білім беруде – 31,9%-ға, саудада – 30,1%-ға, ауыл шаруашылығында – 20,7%-ға, өнеркәсіпте – 8,5%-ға өсті.
Қаңтар-шілдеде республиканың сыртқы сауда айналымы 5,7%-ға өсіп, $79,5 млрд-ты құрады. Экспорт $44,8 млрд-қа жетті, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – $14,2 млрд-қа, ал импорт – $34,7 млрд-қа, жалпы алғанда, оң сауда балансы $10 млрд-қа тең.
Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың деректері бойынша есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңге кіріс түсті немесе жоспар 97,2%-ға орындалды. Мәселен, республикалық бюджет 8,3 трлн теңгеге, жергілікті бюджеттер 4,2 трлн теңгеге толықты. Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6%-ға, республикалық шығыстар – 99,3%-ға, жергілікті шығыстар – 98,3%-ға орындалды.
Премьер-Министр тұрақты экономикалық өсімге нақты сектор айтарлықтай үлес қосып отырғанын атап өтті. Мысалы, тау-кен өнеркәсібі мұнай өндіру көлемінің 6%-дан және табиғи газ өндірудің 3%-дан астам өсуі есебінен 4,3%-ға көтерілді.
Өңдеу өнеркәсібінде 3%-дан жоғары өсім тіркелді. Атап айтқанда, машина жасауда 28%-дан, оның ішінде автомобиль жасау саласында 42%-дан астам орнықты өсім қалыптасты.
Сонымен қатар өңдеу секторында жеңіл өнеркәсіп – шамамен 20%, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару – 7%-дан астам, дайын металл бұйымдары – 6%-дан жоғары, азық-түлік өнімдері – 4% және химия өнеркәсібі – 3%-дан астам жоғары өсу қарқынын көрсетті.
Үкімет басшысы құрылыс секторында 11,4% тұрақты өсім қамтамасыз етілгенін айтты. Жалпы 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
8 айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсімі тіркелді.
«Қалған өңірлер нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», — деді Премьер-Министр.
Қабылданған шаралардың арқасында тамыз айының қорытындысы бойынша инфляция 13,1%-ға дейін төмендеді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру тапсырылды.
«Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің экономикалық өсімін орта мерзімді кезеңде 6-7% деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл – Үкімет пен әкімдіктер үшін маңызды міндет. Осы ретте, барлығымызға экономиканың негізгі бағыттарында және өңірлерде тиісті өсімді көрсету үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек», — деді Әлихан Смайылов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.09.2023, 10:24 20586
Қазақстанда бір айда қайталама тұрғын үй бағасы төмендеді, жалдау ақысы көтерілді
Достарға айту
Тұрғын үй нарығында бір жылда (2022 жылғы тамызға қарағанда биылғы тамызда) жаңа тұрғын үйлер бағасы 4,4% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 2,9% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы тамызда 17% артты, деп хабарлайды Gov.kz.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтау - 18%, Семей - 16%, Павлодар 15,5% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында - Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары.
Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.
Бір айдың ішінде (2023 жылғы тамыз 2023 жылғы шілдеге қарағанда) жаңа тұрғын үй баға өзгеріссіз қалды, пәтерлерді қайта сату 1,8% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 2,3% өсті.
Тұрғын үй бойынша мәміле жасасу көрсеткіші жыл басынан бері ең жоғары көрсеткішке жетіп, 2023 жылғы тамызда 38 810-ға жетті. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 141 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 669 мәміле жасалды. 2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда (34 225) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (6 679 - 18%) және Алматы (5 928 - 15,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 705 - 9,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз - 410 бірлік (1,1%).
2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда тамызда өсім, Ұлытау облысынан (-3,5%) басқа еліміздің барлық өңірінде тіркелді. Ал мәмілелер санының ең көп өсімі Солтүстік-Қазақстан (53%-ға), Жетісу (27,7%-ға) және Жамбыл (26,3%-ға) облыстарында байқалды.
2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 12,7%-ға (3 225 мәмілеге) өсті. Тамыз айында пәтерлер бойынша барлығы 28 669 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 73,9%-ы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, тамыз айында олардың жыл басынан ең көп саны ресімделді - 10 924. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (23,9%), Алматы (18,7%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,6%) тиесілі.
2023 жылдың шілде айымен салыстырғанда, тамызда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 15,5%-ға ұлғайып (1 360 мәмілеге), 10 141-ді құрады. Батыс-Қазақстан (-16%) және Абай (-4%) облыстарын қоспағанда еліміздің барлық дерлік өңірінде оң динамика орын алды.
2023 жылдың тамызында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 8,8%-ға өсті, ол кезде 35 686 мәміле ресімделген болатын. Ең жоғары өсім көрсеткіші Солтүстік-Қазақстан облысында (80,4%-ға) байқалды. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Қызылорда облысында (-15,5%-ға) тіркелді. 2023ж. қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда теріс динамика орын алды - -29%.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.09.2023, 12:11 28841
Қазақстан Италияға шығаратын экспорт көлемін $900 млн арттыруға дайын
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Италияға жалпы құны $900 млн болатын 110 тауар позициясы бойынша өнім экспортын арттыруға дайын деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесті.
Тараптар машина жасау, энергетика, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік сектор, білім беру және басқа да салалар бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Премьер-Министр Италия Қазақстанның әлем бойынша ірі үш сауда серіктесінің бірі екенін және Еуропалық одақ елдері арасында бірінші орында тұрғанын атап өтті. Атап айтқанда, былтыр екіжақты тауар айналымы 55%-ға жуық артып, шамамен $15 млрд-қа жетті.
«Дегенмен тауар айналымын одан әрі арттыруға әлеуетіміз жеткілікті. Біз Италияға жалпы құны $900 млн-нан асатын қазақстандық 110 тауар өнімінің экспортын арттыруға дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы атап өткендей, Италия Еуропалық одақ елдері қатарынан Қазақстан экономикасының тұрақты ірі инвесторлар бестігіне кіреді. Соңғы 17 жылда жалпы тартылған инвестициялар көлемі $7,3 млрд-қа жетті. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шамамен 2,5 есе өсіп, $300 млн-ға жуықтады.
«Елдеріміз арасындағы инвестициялық өзара іс-қимыл жаңа бірлескен жобалармен нығая түсуде. Біз бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», — деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Италия елшілігінің Астанадағы жаңа кеңсесінің ашылуына қолдау білдірді. Бұл іскерлік байланыстарды орнатуға ауқымды үлес қосып, өзара сауданың дамуына тиімді әсер ететінін атап өтті.
Өз кезегінде Антонио Таяни Италия Қазақстанмен жан-жақты, әсіресе сауда, энергетика және өнеркәсіп бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.
«Біз Италияда бірлескен кәсіпорындарды, жаңа қазақстандық компанияларды ашуға дайынбыз. Сондай-ақ кәсіпорындарымыз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін Іскерлік кеңес құруға ниеттіміз», — деді ол.
Сондай-ақ Антонио Таяни Италия Қазақстандағы сауда-саттыққа, оның ішінде киім өндірісіне қатысуын арттыруға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар ол Алматыда жаңа итальяндық мәдениет институтын ашудың маңыздылығын атап өтті. Бұл екі ел арасында студенттер алмасуды арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.09.2023, 10:38 32926
S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар - ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері. Бұл ретте таза мемлекеттік қарыз төмен деңгейде, ал елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы күйзелістерден қорғауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
S&P өз есебінде елдің фискалдық және сыртқы баланстары тәуекелдерді басқару үшін жеткілікті екендігін атап көрсеткен.
Агенттік сарапшыларының пікірінше, шоғырландырылған бюджет тапшылығы 2023-2026 жылдар кезеңінде орта есеппен ЖІӨ-ден (жалпы ішкі өнім) 1,6%-ға дейін қысқарады. Мемлекеттік кірістердің өсуіне салық саясаты мен әкімшілендіруді реформалау жөніндегі шаралар ықпал ететін болады.
Сондай-ақ сарапшылар ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан тиімді макроэкономикалық саясатты атап өтті. Нақтылай айтқанда, Үкіметтің макроэкономикалық саясаты инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға, бәсекелестікті дамытуға, салық саясатын жетілдіруге бағытталған.
Жалпы, S&P Қазақстан экономикасының 2023-2026 жылдары 4% деңгейінде өсуін болжайды.
ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде дербес рейтингті сақтау бойынша қарқынды жұмысты жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.09.2023, 18:16 34581
"ҚазТрансОйл" қытайлық компаниялармен бірлесе отырып "Кеңқияқ-Құмкөл" магистральдық мұнай құбырын кеңейтпек
Тараптар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мен нығайту мәселелерін талқылады
Достарға айту
ҚазТрансОйл" АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев бастаған басшылығы Бейжіңге жұмыс сапарымен барды, онда қытайлық серіктестер - Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының (CNPC Exploration and Development Company Ltd. ) өкілі Мэн Сяндун мырзамен кездесті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Кездесуде тараптар "МұнайТас СБҚК" ЖШС мен "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС бірлескен кәсіпорындарын басқару аясындағы ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, "Кеңқияқ-Атырау" және "Кеңқияқ-Құмкөл" магистральдық мұнай құбырын кеңейту жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Тараптар екі елдің стратегиялық және ұзақ мерзімді мүдделерін ескере отырып, бірлескен кәсіпорындарды басқару шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мен нығайтуға бейілділігін растады.
Анықтама үшін:
ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км болатын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне иелік етеді.
Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС - "ҚазТрансОйл" АҚ (50%) мен China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd арасындағы бірлескен кәсіпорын. (50%), "Кеңқияқ-Құмкөл" және "Атасу - Алашаңқай" магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді.
МұнайТас СБҚК" ЖШС - "ҚазТрансОйл" АҚ (51%) мен CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) арасындағы Кеңқияқ-Атырау магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жобасын іске асыру мақсатында құрылған бірлескен кәсіпорын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
15.09.2023, 18:022023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады 15.09.2023, 17:55 64751Елімізде кейбір санаттағы отандастарымыз үшін пойыз билеттеріне жеңілдік жасалу жоспарлануда15.09.2023, 17:48 64561Жемқорлардың тізімі жарияланады15.09.2023, 17:32 63956Ақтаудағы жаңа Оқушылар сарайы ашылды16.09.2023, 12:57 50266Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
25.08.2023, 19:15 97236Алматыда бірқатар мектептер мен балабақшаларға 2023 жылдың соңына дейін қауіпсіздік жүйесі енгізіледі25.08.2023, 19:36 94211Шавкат Мирзиёевтің қызы Өзбекстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды26.08.2023, 12:58 74936Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды26.08.2023, 13:08 74656Өзгені құтқарам деп қайтыс болған он төрт жасар жасөспірім марапатталды26.08.2023, 12:56 74401Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды