25.11.2022, 16:35 26301
Транскаспий бағытының өткізу қабілеті жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайтылуы мүмкін - Өскенбаев
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ақтау. 25 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) одан әрі дамытуға арналған іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркияның сыртқы істер министрлері және көлік мәселелеріне жауапты министрліктердің басшылары қатысуда, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүктерді тасымалдаудың бірнеше есе өскенін атап өтіп, аталған халықаралық маршруттың өткізу қабілетін кеңейту үшін Қазақстан тарапынан қабылданған шаралар туралы баяндады.
Биыл 10 айдың көлемінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы ТХКБ бойынша шамамен 1,5 млн тонна тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте контейнерлік тасымалдау көлемінің өсу серпіні 55 пайызға ұлғайды", - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ Қ.Өскенбаев қазіргі уақытта ТХКБ көлік инфрақұрылымы 6 млн тоннаға жуық, оның ішінде 80 мың жиырма футтық эквивалент тасымалдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жүктерді тасымалдау көлемінің күрт өсуімен маршрутта "тар жерлер" анықталды.
Осыған байланысты мүдделі елдер арасында 2022-2027 жылдарға арналған "тар жерлерді" синхронды жою және орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын құру бастамасы көтерілді", - деп еске салды ИИДМ басшысы.
ҚР ИИДМ басшысы аталған маршруттың өткізу қабілетін кеңейту мақсатында теміржол желісі мен порт инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ порттардың акваторияларында теңіз түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Контейнерлік паркті және жеке паром флотын толықтыру, сондай-ақ шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету мәселелері қарастырылуда. Қазақстан бір апта бұрын Достық-Мойынты учаскесінде ұзындығы 836 шақырым екінші жол құрылысын іске асыруға кірісті, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарада үшінші шекара өткелін ашу және Бақты-Аягөз жаңа теміржол желісін салу мәселелері пысықталды. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Қаражаттың 80 пайызын Еуразиялық даму банкі, ал 20% - "Қазақстан темір жолы" АҚ береді деп жоспарлануда", - деді министр.
Бұдан басқа, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ кеден және сауда процестерін цифрландыру үшін сингапурлық PSA International компаниясымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта PSA International және ҚТЖ қатысуымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында KPMC Ltd еншілес компаниясы құрылды.
Жол картасында көрсетілген іс-шараларды іске асыру, ҚР ИИДМ деректері бойынша, 2025 жылға қарай дәліз бойынша өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.12.2025, 17:47 536
Салық есептілігін ұсынбағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталады
Достарға айту
ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқарды. Сондай-ақ, көлік құралдарына салынатын салық бойынша есептер мен декларациялар ұсыну алынып тасталды. Есептеу жол полициясы органдарының деректері бойынша жүргізіледі, қазір ол жеке тұлғалар бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Егер міндеттемелер сомасы 1 млн теңгеден аспаса, мүлік салығы мен жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі алынып тасталды.
Сонымен қатар, салық есептілігін ұсынбағаны үшін айыппұл салудан бас тартылды. Бұл әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің нормаларында бекітілген. Егер, мысалы, салық төлеуші есептілікті ұсынуды ұмытып кетсе, айыппұл салынбайды - бұл жағдай нөлдік есеп берілген деп қарастырылады. Кейін салық төлеуші өзі есептік кезең бойынша нақты кірістерін декларациялай алады", - деді спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 17:03 6371
Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ - Тоқаев
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Inform.kz.
-Бәсекеге қабілетті бизнес- кез келген мемлекеттің тірегі. Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп болжануда. Бұл- соңғы онжылдағы ең жоғары көрсеткіш. Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ.Өздеріңіз білесіздер, қазір біз инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріп жатырмыз.Сондықтан Үкімет дайын өнім экспортын арттыру ісімен белсенді түрде айналысуы қажет. Қазіргі таңда бұл салада біраз жетістіктеріміз бар,- деді Президент.
Президент шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайғанын айтты.
- Өңдеу өнеркәсібіндегі қосымша құн көлемі бес жылда 25 пайыздан астам өсті. Бұл - тау-кен саласынан едәуір жоғары көрсеткіш. Соңғы жылдары негізгі капиталға тартылған инвестиция 70 пайызға көбейді. Нақты сектордағы еңбек өнімділігі 40 пайызға артты.Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды.
Тауарын шетелге өткізетін кәсіпорындар саны 3 есе көбейді. Соның арқасында бүгінде өнімдеріміз 140 мемлекетке шығарылады. Қазақстан тауарлары әлемдік нарықтан өз орнын алып жатыр деп күмәнсіз айтуға болады. Осы орайда, шағын және орта бизнестің рөлі айрықша екені сөзсіз.
Жалпы, еліміздегі кәсіпкерліктің даму қарқыны- белсенді, бүгінде олардың экономикадағы үлесі 40 пайызға жетті.
Бес жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 есе артты, алшығарылатын өнім көлемі 2,5 есе көбейді. Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың жартысына жуығы, яғни 4,5 миллион адам бизнес саласында еңбек етеді,- деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 15:31 16
Бизнеске оңай болады: салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шегі қайта қаралды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, сараланған тәсіл қолданылады. Салық берешегін өндіріп алу шегі 6 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, ал әлеуметтік аударымдар бойынша берешек 1 теңгеден өндіріп алынса, 6 АЕК-ке дейін көтерілді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Енді 20 АЕК-ке дейін салық берешегінің пайда болуы туралы хабарлама ғана жіберіледі. 20-дан 45 АЕК-ке дейінгі берешек кезінде - хабарлама жіберіледі, борыш өтелмеген жағдайда салық берешегі сомасына шығыс операциялары тоқтатылады. Берешек 45 АЕК-тен жоғары болған жағдайда - мүлікті тізімдеу және сату қолданылады", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бұдан басқа, 6 млн теңге дейінгі салық берешегін төлеуге мүлік кепілінсіз ұзарту/бөліп төлеу ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 19:12 13111
Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі үкіметтік штаб экономиканың базалық салаларын дамытудың алдын ала қорытындыларын шығарды
Достарға айту
Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында базалық салаларды дамытудың жыл қорытындысындағы алдын ала болжамы қаралды. Өсу драйверлері бұрынғыдай өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және азық-түлік өндірісі болып қала бермек, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өңдеу өнеркәсібі
10 ай бойы сала тұрақты серпінмен дамуда.
Машина жасауда (өңдеудегі үлесі - 17,5%) 11 айдың қорытындысы бойынша 14%, жыл қорытындысы бойынша 16,3% өсім болжануда.
Химия өнеркәсібінің өсуі (өңдеудегі үлесі - 5,4%) жыл қорытындысы бойынша 8% деңгейінде болмақ.
Өңдеу саласында нақты көлемнің 40%-дық өсімін қамтамасыз етіп отырған металлургия өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артты. 11 айдағы болжам - 0,8%, жыл қорытындысы бойынша 1,1%.
Жалпы, өңдеу өнеркәсібіндегі жылдық өсу болжамы - 6,2%. Бұл жоспардан 0,8 пайыздық тармаққа жоғары.
Құрылыс
Алдын ала бағалаулар бойынша, жыл соңына дейін 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға артық. Жыл қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 10,4 трлн теңге деңгейінде болады деп күтілуде, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15%-ға артық.
АӨК-тегі қайта өңдеу
АӨК-тегі қайта өңдеу секторы 10 айда 9,1% тұрақты өсім көрсетіп отыр. Оған ұн және май өнеркәсібі көп үлес қосуда.
Ұн өндірісі 7%-ға - 2,6 млн тоннадан 2,8 млн тоннаға дейін артты. Өсімдік майын өндіру көлемі 21,7%-ға - 596 мың тоннадан 726 мың тоннаға дейін өсті.
Жалпы АӨК секторында қайта өңдеудегі негізгі капиталға салынатын инвестиция 60%-ға, қайта өңделген өнім экспорты 32,4%-ға өсті.
11 айдағы өсу болжамы - 9,2%, жыл қорытындысы бойынша - 9,3%, жоспар бойынша-4,5%.
2026 жылға АӨК-тегі өңделген өнімі үлесін 70%-ға арттыру міндеті қойылды.
Талқылау қорытындысында Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне металлургияның дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторға талдау жүргізіп, өндіріс пен инвестицияның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныс беруді; Құрылыс істері жөніндегі комитетке құрылыс саласын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныс дайындауды; Ауыл шаруашылығы министрлігіне АӨК-тегі өңделген өнім үлесін 2026 жылы 70%-ға дейін жеткізу мақсатын ескере отырып, қайта өңдеу көлемін қосымша ұлғайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 17:51 13476
Доллар бағамы 499 теңгеге дейін түсті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазан айынан бастап теңгенің долларға шаққандағы айырбастау бағамы 499-500 теңге деңгейіне дейін (9%-ға) тұрақты нығайғаны байқалып отыр. Ұлттық валютаның нығаюы қолайлы сыртқы жағдайлардың және дәйекті макроэкономикалық саясат пен инвесторлар тарапынан жақсарған күтулердің үйлесім тапқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 60 АҚШ долларынан жоғары деңгейде тұрақты сақталып тұр. Сонымен қатар АҚШ Федералды резерв жүйесінің мөлшерлемені төмендету циклі жаһандық доллар индексінің 8,3%-ға әлсіреуіне және жыл басынан бері дамушы нарықтардағы валюталар индексінің 8,3%-ға нығаюына ықпал етті. Осы жағдайлардың аясында дамушы елдердің активтеріне, соның ішінде Қазақстан нарығына деген халықаралық инвесторлардың қызығушылығы жоғары деңгейде сақталып отыр.
Инфляциялық қысымды төмендетуге және макроэкономикалық ортаның болжамды болуын еселеуге бағытталған Үкімет пен Ұлттық Банктің үйлесімді саясаты теңгенің нығаюына айтарлықтай үлес қосты.
Атап айтқанда, Үкімет, Ұлттық Банк және Агенттік 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асырып отыр. Аталған бағдарлама сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті жоюға, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға, микро- және макропруденциалды реттеу шараларын іске асыруға, халықтың нақты табысын өсіруге және инфляцияны төмендету мен тұрақтандыру арқылы орнықты экономикалық өсімге жағдай жасауға бағытталған.
Ұлттық Банктің дәйекті шешімдері нарыққа қатысушылардың сенімін күшейтті. Қалыпты қатаң ақша-кредит саясаты инфляциялық күтулердің қайта қаралуына және теңгедегі құралдардың нақты кірістілігін арттыруға себеп болды. Бұл өз кезегінде олардың тартымдылығын, соның ішінде бейрезиденттер үшін едәуір күшейтті.
Қазан айының басынан қараша айының соңына дейінгі кезеңде бейрезиденттердің ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздарына (МБҚ) салған портфельдік инвестициялары 1,1 млрд АҚШ долларына ұлғайып, тарихи максимум саналатын 3,6 млрд АҚШ долларына жетті. Жыл басынан бері өсім 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Бұл, өз кезегінде, қисықтың ұзын бөлігінде Қаржы министрлігінің қарыз алу құнын 1 пайыздық тармақтан аса төмендетуге ықпал етті: желтоқсан айында 9 жылдық МБҚ 16,1%-бен орналастырылды (қазанда - 17,2%).
Шетелдік инвесторлар тарапынан шетел валютасының өспелі ұсынысы теңгенің нығаюына тікелей фактор болды. Сыртқы қолайлы ахуал да қосымша қолдау көрсетті.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамыту бойынша Ұлттық Банктің жүйелі жұмысы - операциялардың ашықтығын арттыру, кірістілік қисығын қалыптастыру, бейрезиденттер үшін қолжетімділік пен есеп айырысу рәсімдерін жетілдіру - нарықтың сапалы негізін қалыптастырып, шетелдік инвесторлардың қызығушылығын қолдап отыр.
Сонымен қатар, ұлттық валютаның нығаюы инфляцияны тұрақтандыруда маңызды фактор саналады. Тұтыну себетінде импорт үлесін ескере отырып, теңгенің нығаюы сыртқы баға қысымының ішкі бағаларға берілуін шектейді.
Осылайша, айырбастау бағамының қазіргі динамикасы экономикалық саясаттың сапасы жақсарғанын және мейілінше болжамды макроорта қалыптасқанын көрсетеді (ақша-кредит және салық-бюджет саясатының үйлестірілуі), соның нәтижесінде жаһандық инвесторлар Қазақстанды оң бағалап, елге портфельдік инвестициялардың келуіне жол ашты.
Ұлттық Банктің бірізді әрі қалыпты қатаң ақша-кредит саясаты баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге берілген маңызды сигнал саналады. Бұл өз кезегінде инвесторлардың теңгемен бағаланатын құралдарға сенімін күшейтеді.
Ұлттық Банк еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін сақтайды және теңге бағамының екіжақты қисынды құбылмалылығына жол береді. Валюта нарығындағы жағдай тұрақты бақылауда. Қазіргі уақытта Ұлттық Банк алыпсатарлыққа қатысты белсенділікті және оған араласуға итермелейтін қандай да бір факторларды байқап отырған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 16:33 18191
Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Қызылорда облысында "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды
Достарға айту
Қызылорда облысында 447 мыңға жуық тұрғын (53%) ауылдық жерлерде тұрады. Жоба басталғалы бері ауылдарда 782 жоба жүзеге асырылып, 1,1 мың жұмыс орны ашылды. Биылға 5,5 млрд теңге бөлінді. Әсіресе өнімді өндіруден бастап өткізуге дейін толық циклмен жұмыс істейтін қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2026-2028 жылдары ауылдарды дамыту жұмыстарын одан әрі күшейту үшін жалпы 450 млрд теңге бөлу жоспарланған. Оның 21,2 млрд теңгесі Қызылорда облысына тиесілі. Аталған қаражат есебінен 1 мыңнан аса жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл өңірдің ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті кеңейту мен кооперацияны дамытуға зор әлеуеті бар екенін көрсетеді.
Жиында кооперативтерді басым бағыт ретінде қолдау мәселесі де жеке қаралды.
Мемлекет басшысы жақында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауыл экономикасының тұрақты дамуы тікелей кооперативтердің тиімді жұмысына байланысты екенін атап өтті. Кооперативтерді құру процесі еліміз бойынша белсенді жүргізілуі тиіс, ал облыс әкімдіктерінің үйлестіру жұмысы қатаң бақылауда болуы қажет", - деді Қанат Бозымбаев.
Вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, екі апталық мерзімде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыруға бағытталған қажетті шараларды пысықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 11:51 20601
Серік Жұманғарин Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия бойынша бас директорымен кездесті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Серік Жұманғарин Лея Гутьерресті жылы қарсы алып, осы жылғы шілдеде қызметке тағайындалуымен құттықтады. Ол 1994 жылдан бері жалғасып келе жатқан көпжылдық әріптестіктің маңызын атап өтті.
Азия даму банкі біз үшін стратегиялық әріптес. Ынтымақтастық кезеңінде Банк көлік, энергетика, ШОБ, цифрлық даму, әлеуметтік бірқатар маңызды жобаны қаржыландырды. Бүгінгі кездесу әріптестігімізді одан әрі нығайтуға, жаңа перспективалық бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ететініне сенімдіміз. АДБ-ның Қазақстан бойынша 2023-2027 жылдарға арналған елдік стратегиясының негізгі басымдықтары біздің ұлттық басымдыққа толық сәйкес келетінін атап өткім келеді. Қазақстан бұдан әрі де осы стратегияны тиімді жүзеге асыруды қолдамақ", - деді ол.
Ынтымақтастық орнаған сәттен бастап АДБ Қазақстанға техникалық көмек пен грант түрінде $7 млрд-тан аса қарыз берді.
Өз тарапынан Лея Гутьеррес қазақстандық тарапқа сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, АДБ Жарғысына түзету бойынша дауыс беру кезінде Қазақстанды қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Қажетті дауыс беру шегіне жетудің нәтижесінде түзету Банктің кредиттеудің жиынтық көлемін 50%-ға - $36 млрд-тан асыруға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, бұл шешім АДБ-ның дамушы мүше елдердің дамудағы басым міндеттерін шешудегі күш-жігерін қолдауды едәуір кеңейтеді.
Біздің ынтымақтастығымыздың барысында 1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанға $7 млрд-тан көп қаражат берді. Біз дәстүрлі бағытта да, жаңа секторда да әріптестікті одан әрі арттыруға сенеміз", - деп атап өтті ол.
Ол сондай-ақ биыл АДБ стратегиялық материалдардың құн тізбегін қолдауға арналған аса маңызды минералдар саласындағы жаңа саясатты жүзеге асыруға кіріскенін хабарлады. Банк осы салада тұрақты әлеуеті бар Қазақстандағы жаңа жобаларды зерделеуге дайын.
Вице-премьер сондай-ақ Қазақстан Үкіметі АДБ, ЕАДБ, ЕҚДБ және Дүниежүзілік банкті қосқанда, халықаралық қаржы ұйымдарының үздік әлемдік тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, МЖӘ туралы заңнаманы жетілдіруде жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.
Соңында тараптар көлік және өнеркәсіптік инфрақұрылымда, технологияда, энергетикада, сыни материалдар саласында, тұрғын үй құрылысында және басқа да сектордағы ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық бағытын талқылады.
Анықтама:
Азия даму банкі (АДБ) - 69 мүше елден тұратын көпжақты даму қаржы институты. Оның 50-і Азия-Тынық мұхиты аймағында және 19-ы одан тыс жерде орналасқан. Қазақстан 1994 жылғы 19 қаңтарда АДБ мүшесі болды. АДБ-ның негізгі құралдары нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мүше елдердің үкіметтері мен жеке секторына берілетін қарыздар, гранттар, техникалық көмек. 1994-2024 жылдар аралығындағы АДБ-ның Қазақстандағы инвестициялық жобалар мен техникалық көмекті қаржыландыру көлемі $7 млрд-тан асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.12.2025, 23:12 33946
Қанат Бозымбаев пен Азия даму банкі басшылығы Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия өңірі бойынша Бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында сумен жабдықтау, су бұру, энергетикалық жүйеге көшу, апаттық тәуекелдерді сақтандыру және басқа да бағыттар бойынша инвестициялық жобалар талқыланды.
Су ресурстары және ирригация министрлігі АДБ-мен бірлесіп Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Есіл контрреттегішін салуды қаржыландыру мәселелерін пысықтап жатыр. Сондай-ақ Жезқазған, Сәтбаев, Степногорск және Балқаш қалаларында кәріз-тазарту нысандарын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ Банк өкілдері энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаға қатысуға қызығушылық танытты.
Тараптар ұзақ мерзімді серіктестіктің перспективаларын жоғары бағалап, әрі қарайғы нәтижелі ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 02:52Қазақстан диалогты нығайтуды және ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы қағидаттарын ұстануды жақтады 05.12.2025, 10:04 27466Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді05.12.2025, 08:57 27066Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді05.12.2025, 09:01 27061Венада Орталық Азия және Солтүстік Еуропа елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті05.12.2025, 16:59 19121Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды
01.12.2025, 12:48 73496Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда01.12.2025, 15:43 72676Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 14:38 72321Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда01.12.2025, 13:34 72306Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде30.11.2025, 09:19 68641Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176441Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174671Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151666Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146191Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145866Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

