14.12.2021, 20:19 392382

Зейнетақы жинақтарын "Отбасы банкіндегі" депозитке аудару: жинақтармен не істеуге болады және не істеуге болмайды

Зейнетақы жинақтарын "Отбасы банкіндегі" депозитке аудару: жинақтармен не істеуге болады және не істеуге болмайды
НҰР-СҰЛТАН. 14 ЖЕЛТОҚСАН - "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов зейнетақы жинақтары есебінен толықтырылған депозиттермен не істеуге болатынын және не істеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұрлан Ақшановтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Достар, жақын арада сіз өзіңіздің біржолғы зейнетақы төлемдеріңізді enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы Отбасы банктегі депозитіңізге аудара алатын боласыздар! "Отбасы банктегі салымды толықтыру" батырмасы қашан және қалай пайда болатыны туралы ақпаратты сәл кейін жариялаймыз. Ал әзірше БЗТ есебінен толықтырылған депозитпен не істеуге болады және не істеуге болмайтыны туралы ақпаратпен танысыңыздар", - деп жазды Ақшанов Facebook-те.

 
БЗТ қосылған депозиттерге ТҚЖ стандартты шарттары қолданылатын болады.
 
Яғни депозиттерге Банктің жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақысы және 20% мемлекеттік сыйлықақы (жыл нәтижесі бойынша жинақталған 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомаға) есептеледі.
 

БЗТ қосылған депозит көмегімен Тұрғын үйді 3 жыл ішінде сатып алу қажет болады. Егер банк клиенттері БЗТ қосылған депозитті көрсетілген мерзім ішінде пайдаланбаса, олар БЖЗҚ-ға қайтарылады", - деді Ақшанов.

 
Салымды жауып, зейнетақы төлемдерін шешіп алуға болмайды. Шотты жапқан кезде ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.
 
Мұндай депозиттерді туыстарыңызға табыстаған кезде, депозиттегі БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.
 
Депозитті бөлген кезде тек өз жинақтарыңызды және банк сыйақысын алуға болады, егер депозиттің мерзімі 3 жыл және одан көп болса онда мемлекет сыйлықақысын да қоса аласыз, бірақ БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылатын болады.
 

Бір адамның атында бірнеше депозит болса және олардың бірінің құрамында БЗТ қаражаты қосылған депозит болса депозиттерді қосуға болады. Немесе екі адамның депозиттері ал БЗТ қаражаты депозитті қабылдаушы тараптың атында болған жағдайда қосуға рұқсат беріледі", - деп жалғастырды банк басшысының орынбасары.

 
Интернет-банкингте біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды үшінші тұлғаның кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.
 
Бір жолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған Отбасы банктегі салымдар үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалатын болады.
 

БЗТ-ны депозитке аударуға болатыны және осы депозитті қандай мақсаттарға пайдалануға болатыны туралы келесі посттарда баяндап береміз", - деп түйіндеді Ақшанов.

 
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ келесі жылдан бастап зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін өзгертетіні хабарланған болатын. Бұл өзгерістер қазақстандықтардың көпшілігінің ашуын туғызды, белсенділер тіпті БЖЗҚ шешіміне қарсы петициямен қол жинауды ұйымдастырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бұрынғы жеткіліктілік шектерінің қолданылу мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны