06.11.2023, 18:07 103086

Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйға тартты

Димаш Құдайберген Instagram-да президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартқан жаңа үй жануарының суреттерін жариялады. Тазының атын "Ғарышкер" деп атаған.

Достар, танысып қойыңыздар, бұл - менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы - біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған "Жеті қазынаның" бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді",- деп жазды әнші өзінің парақшасында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны