20.02.2023, 09:46 12741
1,5 млрд теңгеге залал: ҚТЖ басшылығы кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деген күдікке ілінді
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
"ҚТЖ" АҚ орталық аппаратында бизнеске кедергі келтіргені үшін іс қозғалды
Астана. 20 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша "ҚТЖ" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Арызға сәйкес келтірілген алдын ала залал 1,5 млрд астам сома ретінде көрсетілді. Тергеу процесс прокурорлары тобының басшылығымен жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚМА үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының схемасын анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.06.2023, 16:10 776
Килауэа жанартауы қайта оянды
Соңғы рет ол 2019-шы жылы қатты атқылап, жер сілкініп, жүздеген үй мен ғимараттар қирап қалған болатын
Достарға айту
АҚШ-тың Гавай аралдарында Килауэа жанартауы оянды, деп хабарлайды Хабар 24.
Қазір бір кратер ғана атқылап жатыр. Жергілікті билік ұлттық паркте орналасқан таудан әзірге жақын маңдағы мекендерге қатер төніп тұрмағанын айтады. Килауэа - әлемдегі ең белсенді жанартаудың бірі. Соңғы рет ол 2019-шы жылы қатты атқылап, жер сілкініп, жүздеген үй мен ғимараттар қирап қалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2023, 15:43 921
Құтқарушылар Қапшағай су қоймасының жағалауындағы құмға батып қалған автокөлікті эвакуациялады
Адамдар үйлеріне аман-есен қайтарылды
Достарға айту
2023 жылғы 7 маусымда сағат 22.50-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, "Золотые пески" демалыс базасының ауданында көлік батып қалғаны, ішінде адамдар бар екені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жолға шықты.
Оқиға орнына келгеннен кейін жағалауға демалуға келген бір жасар баласы бар ерлі-зайыптылардың "Chevrolet Nexia" маркалы автокөлігі құмда батып қалғаны анықталды.
Сағат 23.50-де құтқарушылар автомашинаны негізгі жолға эвакуациялады.
Адамдар медициналық көмекке мұқтаж емес, үйлеріне аман-есен кетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2023, 12:01 1281
Жетісу облысының тауларында хабар-ошарсыз кеткен тик-токер іздестіріліп жатыр
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Жетісу облысының тауларында хабар-ошарсыз кеткен тик-токер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz
36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Ол 7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, бөгеттің жанында тұрып соңғы эфирге шыққан, жергілікті жердің қорықшысы шәй беріп, дәм ауыз тигізген.
Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмектесу туралы Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті. Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-нің қызметкерлері, кинологтар іздестіру иттерімен ер адамды іздеп жатыр.
Дамир Кушеев түрлі көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар. Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болған.
Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға мына телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 немесе 112
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.06.2023, 14:28 2071
Жетісу облысында жоғалған 15 жасар оқушы қыздың мәйіті өзен арнасынан табылды
Өлім себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.
Достарға айту
6 маусым Панфилов ауданында соңғы екі күнде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың мәйіті Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан, криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілерінсіз табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицейлер қажетті C отырып, бұл өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді.
Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен еріктілер (200-ден астам адам) қосылды. Іздеуде жүрген жасөспірім қыз туралы ақпарат жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберілді, БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 17:38 3516
Тайландта 2 қазақстандық суға батып кетті
Мүрделерді жеткізу бойынша келіссөз жүруде
Достарға айту
Тайландта суға батып кеткен Қазақстанның 2 азаматының мүрдесін елге жеткізу үшін келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Inform.kz.
Өкінішке орай кеше кешкісін азаматымыз қайтыс болды, жүрегі тоқтап қалды. Әрине, үміт болды. Жас ағза болғандықтан барлығын жасадық. Тай дәрігерлерімен кеше сөйлестік. Осыдан екі күн бір әке-шешісі Пхукетке ұшып барды. Консул олардың жанында, бірге тай дәрігерлермен сөйлескен болатын. 1 маусым күні ауруханадан "азаматтарыңыз ауыр халде, жансақтау бөліміне түсті" деген қоңырау түсті. Біздің азаматтарымызға айтарым бір нәрсе ғана - жергілікті билік суға түспеу туралы хабарлама берсе, сол ережелерді сақтау қажет. Өйткені, 3 маусым күні тура сол жағажайда тағы бір азаматымыз суға батып кетті. Оны құтқарып үлгермеді. Екеуінің де мүрдесі Қазақстанға жеткізіледі. Туыстарымен жұмыс істеп жатырмыз. Құжаттары рәсімделеді. Әуе компаниясымен және мүрдені жеткізетін өзге де компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді ведомствоның ресми өкілі.
Айбек Смадияров қайтыс болған жігіт қалыңдығын құтқарамын деп суға түскен деген ресми ақпараттың болғанын растады.
Бірақ, басында ешкім болған жоқ. Оны айта алмаймыз. Не болса да суға түспеу қажет. Өкінішке орай тай құтқарушыларының ақпаратына сәйкес, суға түспеуге қызыл жалау шығарылған күні ТМД азаматтары ережені бұзып суға түседі екен", - деді ол.
Бұған дейін, суға батып кеткен отандасымыздың жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.06.2023, 15:04 7611
Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды
Факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Достарға айту
31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлап кеткен.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптама тағайындалды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша "Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.06.2023, 14:56 7741
Каспий теңізінің Ақтаудағы жағалауы бір бөлігі қара түске боялды
Аталған дерек бойынша департамент мамандары теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді
Достарға айту
Әлеуметтік желіде Каспий теңізінің Ақтаудағы 4 шағынаудандағы жағалауының қара түске боялғаны көрсетілген бейнежазба тарады. Маңғыстау облыстық экология департаменті теңіз суының өзгеруіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Inform.kz.
Департамент мамандары 4 а шағынауданы теңіз жағалауының қара түске енуіне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізген.
Аталған дерек бойынша департамент мамандары теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді. Шолу барысында аталған аумақта табиғи құбылыстар нәтижесінде жылдар бойы жиналған, өлі балдырлардың шіруі мен теңіз түбі лайының (иловые осадки) жоғары көтерілуі салдарынан теңіз түсі өзгеріске ұшырағаны анықталды", - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен.
Мамандар қазір 4 а шағынауданындағы теңіз жағалауын ірі техниканың көмегімен тазалау жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімшілігіне тазалық жұмыстарын ұйымдастыруды сұрап, хат жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2023, 17:00 10541
Үндістанда автобус құзға құлап кетті
Апат салдарынан 10 адам қаза тапқан
Достарға айту
Үндістанның солтүстігінде автобус құзға құлап, 10 адам қаза болды, деп хабарлайды 24 Хабар.
Тағы 55 жолаушы жарақат алды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, апатқа жүргізушінің автобусқа жолаушыларды шамадан тыс көп тиеп алуы себеп болуы мүмкін. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
08.06.2023, 12:05Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды 08.06.2023, 12:19 8561Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады08.06.2023, 12:34 8366Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында баяндама жасады08.06.2023, 15:16 6121Президент БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ұсынды08.06.2023, 15:33 5716Қазақстан Орталық Азияның экономикалық локомотиві қызметін жалғастыруда - Тоқаев
02.06.2023, 10:17 33501Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді02.06.2023, 16:29 32971Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды02.06.2023, 16:08 324612023 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 12 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді02.06.2023, 15:52 32396Қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды02.06.2023, 16:20 3238120 миллион теңге пара: елордалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысына қатысты іс сотқа жіберілді
25.05.2023, 17:37 55321ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54241Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды25.05.2023, 17:25 49481Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда15.05.2023, 16:36 48721Алматыда жануарларға қатыгездік көрсетуге қарсы митинг өтті25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды47851Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды