19.09.2022, 19:44 22056

ҚР Бас прокуратурасы: мемлекетке 523 млрд теңгеден астам шығын өтелді

ҚР Бас прокуратурасы: мемлекетке 523 млрд теңгеден астам шығын өтелді
Сурет: Polisia.kz
АСТАНА. 19 ҚЫРКҮЙЕК - Бас прокуратурада Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Күн тәртібіне мұнай өнімдері, сұйытылған мұнай газы және оларды тасымалдау саласындағы мәселелер шығарылды.
 
Отырыс барысында елімізде отын-энергетика кешені мен көлік нарықтарының монополияландырылғаны атап өтілді, бұл бәсекелестерге қолжетімділікті шектеу, соңғы өнімге жоғары маржаны белгілеу және артық кіріс алуға жағдай жасайды.
 
Осыған байланысты Комиссия олигополия субъектілерінің монополиялық жағдайын белгілеуге және бәсекелестікті шектеуге әкеп соққан шешімдерге талдау жүргізуде.
 
Сондай-ақ квазимемлекеттік сектормен бірлесіп тауар нарықтарын монополиясыздандыру, ұлттық компаниялар мен оның еншілес құрылымдарының заңсыз шығарылған активтерін қайтару бойынша жұмыс іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін пайдалана отырып жүргізілуде.
 
Кездесу қорытындысы бойынша осы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені әзірленді.
 
Жалпы, Комиссияның қызмет етуі кезеңінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді.
 
Мемлекетке жалпы сомасы 523 млрд-тан астам теңгеге келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылды, атап айтқанда:
 
  • қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында мемлекетке шамамен 518 млрд теңге, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан - 173 млн АҚШ доллары өтелді;
  • прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 млрд теңгеден астам сомаға 75 мың га жер қайтарылды;
  • 600-ден астам теміржол және оларға қатысты жер телімдері қайтарылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны