01.03.2021, 21:20 10768

Жер астына түсіп кеткен жүк көлігінің апаты тұрғын үйлерді, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын жылусыз қалдырды

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Жер астына түсіп кеткен жүк көлігі Медеу ауданының тұрғындарын жылусыз қалдырды.
 
Алдын ала мәлімет бойынша, сағат 13.00 шамасында құм-қиыршықтас қоспасы тиелген салмағы 27 тонна КамАЗ пәтерлердің жылу камерасы орналасқан аумаққа кірген.
 
Жүк тиелген көлік салмағына есептелмеген беткі қабаттағы төсеме шыдас бермей, опырылып түсті. Салдарынан бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды.
 

Диаметрі 500 мм құбырға зақым келуіне байланысты 336 көпқабатты тұрғын үйді, 86 жеке тұрғын үйді, 9 денсаулық сақтау нысанын, 10 балабақша мен 6 білім нысанын жылу желісінен уақытша ажыратуға тура келді", - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.

 

Алматы жылу желілері" ЖШС жөндеу бригадалары жүргізіп жатқан апатты қалпына келтіру жұмысына 18 маман мен мамандандырылған 4 техника жұмылдырылды.

 
Жылу мен ыстық су бүгін сағат 23.00-ге дейін қайта қосылады.
 
Қазіргі уақытта Алматы қаласы Медеу ауданының аумағындағы Қазыбаев-Назарбаев-Достық-Тайманов көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа ғимараттар уақытша ыстық су мен жылудан ажыратылды.
 

Инженерлер жылу магистралі сегментінің зақымдануы басқа тұтынушыларға жеткізілетін жылу энергиясының параметрлеріне және белгіленген секторда орналасқан ғимараттардағы температура режиміне әсер етпейді", - делінген хабарламада.

 
Біз бұған дейін Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кеткенін хабарлаған болатынбыз. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны