18.07.2022, 16:21 13181

Бас прокуратура Сатыбалды мен Боранбаевқа қатысты істің мән-жайын жариялады

Бас прокуратура Сатыбалды мен Боранбаевқа қатысты істің мән-жайын жариялады
Сурет: polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 18 ШІЛДЕ - Бас прокуратура ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық табысты заңдастыру белгілері бар резонанстық істерді тергеп жатқанын хабарлады.
 
Бұл - Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевқа қатысты істер.
 

Қазіргі уақытта тергеу органдарының қабылдаған шараларымен шамамен 230 млрд теңге мемлекет еншісіне қайтарылды", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген іс бойынша айыпталушылар өз еркімен Люксембургтен 170 млн доллардан астам ақшаны қайтарды.
 
 "Қазақтелеком" АҚ, "Көліктік сервис орталығы" АҚ мүлкін ұрлау туралы істер бойынша тергеу органы шамамен 36 млрд теңге өңдірді.
 
Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевқа қатысты істі тергеу барысында 11,3 млрд теңге өтегенін хабарлады.
 
Еске сала кетсек, 13 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды. Ал 17 наурызда Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын мәлімдеді. Агенттік квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.
 
Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілініп,16 наурызда ұсталған болатын.
 
Айта кетейік, осы жылдың 5 маусымында Президенттің Жарлығымен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылды.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны