09.12.2022, 09:59 25646

Антикор: автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан ҰҚТ қызметінің жолы кесілді

Келтірілген залал шамамен 1 млрд теңгені құрады
Антикор: автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан ҰҚТ қызметінің жолы кесілді
Сурет: kolesa.kz
Астана. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп, заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қарсы қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Антикор.

Қылмыстық топ осы жылдың қаңтар айынан бастап азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау арқылы өз қызметтерін ұсына отырып, олардың ақшалай қаражатын ұрлап, 486 көлік құралын заңсыз тіркегені анықталды. Әрбір автокөлік үшін заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін болған. Қажетті ақшаны алғаннан кейін күдіктілер автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған", - деп хабарлады Антикор.


ҰҚТ қызметі, оның ішінде ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторларының "Web-модуль" сервистік орталығы" ақпараттық жүйесінде бұрын кәдеге жаратылған автомашиналар туралы мәліметтерді қасақана заңсыз жоюы және олардың орнына жаңадан әкелінген автомобильдердің мәліметтерін енгізу салдарынан жүзеге асқан.

Соттың санкциясымен төрт полиция қызметкері қамауға алынды", - деп түсіндірді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.


Мемлекеттік баждар мен төлемдерді төлеуге арналған азаматтардың ақшалай қаражатын күдіктілер ұрлап, жеке қажеттіліктеріне жұмсады.

Аталған адамдардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде азаматтар мен мемлекетке 1 млрд теңгеге төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде залал келтірілді", - деп хабарлады Антикор.


Бүгінгі күні іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 Арнайы ХҚКО басшысы ұсталды.

Тергеу жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеуге және өз машиналарын тіркеуді тек ресми тәртіппен жүргізуге шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны