13.01.2023, 08:41 23261

Алматыда су құбырындағы ірі апат жойылды, бірнеше көше су астында қалды

Су құбырының бұзылуына байланысты бірқатар көшелер су астында қалды
Алматыда су құбырындағы ірі апат жойылды, бірнеше көше су астында қалды
Алматы. 13 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Алматының Мыңбаев көшесінде су құбыры жарылып солтүстік ағытта орналасқан көшелерді, әсіресе Әуезов көшесін су басты.
 

Мыңбаев көшесі 49 мекенжайында су құбырының жарылуына байланысты сағат 3:40-тан бастап солтүстік ағытта орналасқан көшелерді, әсіресе Әуезов көшесін су басты. Су Райымбек даңғылына дейін жеткен, ол жерден мүмкіндігінше арық желісіне бұрылып жатыр", - деп хабарлады Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан.

 
Көктайғақтың алдын алу үшін Алматы тазалық МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, тротуарларға 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті.
 
Апаттың салдары бүгінгі күннің аяғына дейін реттелетін болады.
 

Су басқан орындарда көктайғақ жабынының пайда болу ықтималдылығын ескере отырып, жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайтып, апатты жағдайды туындатпас үшін оқыс әрекеттер жасамауға, аталған аумақтарды мүмкіндігінше айналып өтуге, жаяу жүргіншілерді тротуарлармен жүргенде сақ болуға шақырамыз", - деп атап өтті басқармадан.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
13.01.2023, 11.35 толықтырылды
 
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бірқатар үйлерді сумен жабдықтау бірнеше сағат ішінде қалпына келтіріледі. Бұл туралы "Алматы су" МКК мәлім етті.
 

Өткен түнде диаметрі 600 мм болатын, 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдай туындады. Оның салдарын қазіргі уақытта "Алматы су" МКК апаттық бригадасы қажетті техниканың көмегімен шұғыл түрде жоюда", - деп хабарлады "Алматы су" компаниясынан.

 
Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған. Ол осыдан елу жыл бұрын пайдалануға берілген.
 

Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар үйдің ескі магистралды су құбырының бұзылуына байланысты ажыратылған сумен жабдықтау жұмыстары бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілетін болады. Аталған қалалық сектордағы үйлердің тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны