28.06.2021, 20:28 16862

Алаяқтар қазақстандықтарға ХҚКО қызметкерлерінің атынан қоңырау шалады

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы ескертеді.
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - Қазақстанда телефондық алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" ХҚО қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтынын ескертеді", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясында.

 
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері, сондай-ақ борышкерлердің деректер базасын көрмейтінін, азаматтардың банк шоттарын бұғаттай алмайтынын және шетелге шығуға тыйым сала алмайтынын хабарлайды. Клиенттермен барлық қарым-қатынас тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.
 
SMS-хабарлама арқылы клиенттерге брондау уақыты, құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштерінің нәтижесі туралы хабарланады.
 

Біз қазақстандықтарды қырағылық танытуды және бөгде адамдарға өздерінің паспорт деректерін немесе цифрлық қолтаңбаларын бермеуді сұраймыз. Сіздің жеке кабинетіңізге кіре отырып, алаяқтар сіз туралы ақпаратты өз пайдасына пайдалануы мүмкін", - деп атап өтті ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны