16.01.2023, 10:36 22441

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде жылу трассасы жарылды

Бес көпқабатты үй уақытша жылусыз қалды
Алматы. 16 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 16 қаңтарға қараған түні Алматы қаласының Алмалы ауданында "Жайлы" тұрғын үй кешенінің аумағындағы жылу трассасы жарылды. Бес көпқабатты үй уақытша жылусыз қалды.
 
 "Алматы жылу жүйесі" компаниясының ақпараты бойынша, тұрғын үй кешеніне тиесілі және магистральдық су құбырына жатпайтын құбырда жарылыс болды. Құбыр 2003 жылы пайдалануға берілді.
 
Таңертеңгі сағат 8-де ыстық сумен жабдықтау қалпына келтірілді.
 
Бұған дейін Алматыда Мыңбаев пен Әуезов көшелерінің қиылысында су құбырында үлкен апат болған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны