24.03.2023, 10:59 24006

Алматының әртүрлі аудандарында өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртенген сегіз ошағын жойды

ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады
Алматының әртүрлі аудандарында өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртенген сегіз ошағын жойды
Сурет: gov.kz
Алматы. 24 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Алматының Алатау, Бостандық, Наурызбай, Түрксіб аудандарында қураған шөп өртенді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 наурызда өрт сөндірушілер 8 өрт ошағына шықты. Алатау, Бостандық, Наурызбай, Түрксіб аудандарынада құрғақ шөп тұтанған.

23 наурыз сағат 16:20-дан бастап ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданындағы "Ерменсай" ықшам ауданының Бақтыгереев көшесінде өртті сөндірудің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді.

Өрт сөндіру бригадасы барған кезде тау бөктерінде жалпы аумағы 2 га жерді қамтыған құрғақ шөптің жануын анықтады. Жел тұрғандықтан, өрттің беткейлердегі тұрғын үйлерге қарай таралу қаупі туындады. Өрт автотехникасы тауға шыға алмағандықтан, қызыл жалынды қарапайым құралмен және аспалы өрт сөндіргішпен ауыздықтауға тура келді. Өрт 18:31-де толық жойылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрттен үйлер мен алма бағын қорғауға қол жеткізілді", - деп деп мәлім етті департаменттен.


Өртті сөндіруге жеке құрамнан 24 маман және 5 техника жұмылдырылды.

Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз. Кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп еске салды ведомство өкілдері.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде орман өрттері Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарын шарпыды. Қостанай облысында орман өрті 8 күннен кейін ғана жойылды. Комиссия Қостанай облысындағы өрт табиғи емес деген болжамға бейім.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны