18.01.2023, 09:12 29961

"АрселорМиттал Теміртауда" газ құбыры опырылып түсті

Зардап шеккендер жоқ
"АрселорМиттал Теміртауда" газ құбыры опырылып түсті
Теміртау. 18 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да тағы да төтенше жағдай орын алды - тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.

Бүгін, 18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. Зақымдалған аумақ 20 м", - делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.


Зардап шеккендер жоқ, себептері анықталуда.

Еске салайық, 13 қаңтарда ЖЭО-2 аумағында газ құбыры ішінара опырылып түскен болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны