09.08.2021, 11:37 8223

Арыста вагонның жану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Іс ҚР ҚК 344-бабының 1-бөлігі (Теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сараланды.
ТҮРКІСТАН. 9 ТАМЫЗ - Арыстағы теміржол станциясында вагонның жану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Арыс қаласында теміржол вагонының жану фактісі бойынша 6 тамызда Арыс станциясындағы Желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі (Теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 
Еске салсақ, Арыс станциясында, 6 тамызда, кешкі сағат 17:30 шамасында Жамбыл облысынан Ресейге бара жатқан фосфоры бар екі контейнер өртенді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ӨртАрысІс

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны