14.05.2021, 20:27 25428

Батыс Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуы орын алды

Оқиға Жәнібек ауданы Тау ауылдық округінде (орталығы Қайрат ауылы) болды.
ОРАЛ. 14 МАМЫР - Батыс Қазақстан облысында 372 бас киіктің жаппай өлгені анықталды.
 
Оқиға Жәнібек ауданы Тау ауылдық округінде (орталығы Қайрат ауылы) болды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желі арқылы хабарлады.
 
Қайрат аудан орталығы Жәнібек ауылынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.
 
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, киіктердің ұшасы канал бойында, сондай-ақ далада жатыр.
 
БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешев оқиғаны растады.
 

Инспекторлар жергілікті халықтың дерегін анықтады. Бұдан бұрын осы маңда қатты жаңбыр мен найзағай жүріп өткен. Киіктің ұшаларын тексерген кезде найзағайдың кесіп өткен іздері байқалды. Қосымша сынамалар алынып, зерттеуге жіберіліп жатыр. Барлығы 372 бас киіктің шығынға ұшырағаны белгілі болды", - деді ҚазАқпарат тілшісіне Қ.Қадешев.


 
Акпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:КиікБҚО

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны