26.04.2023, 09:33 45891

ҰҚК: жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз айналымнан 270-ке жуық қару тәркіленді

Оның ішінде "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қару
ҰҚК: жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз айналымнан 270-ке жуық қару тәркіленді
Сурет: gov.kz
Астана. 26 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірге прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қару айналымындағы қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, оның ішінде "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде Қазақстанның 11 аймағында 268 бірлік қару, оның ішінде 38 "Калашников" автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30199 оқ-дәрілер, сонымен қатар броньды кеудеше, қорғаныш дулығасы, қол-кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.


Жедел қызметкерлер жасырылған қару мен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін келесі жерлерден анықтады: Алматыда - 4, Байқоңырда - 1, Қостанайда - 1, Семейде - 1, Өскеменде - 1, Ақтөбеде - 1, Алматы облысында - 3, Жамбыл облысында - 4, Жетісу облысында - 2, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 3.

Бұдан басқа, бұрын хабарлағанымыздай Алматы қаласында қарудың заңсыз айналымымен ірі көлемде айналысып келген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз айналымдағы қаруды іздеу мен тәркілеу жалғасуда", - деп атап өтті ҰҚК.


Бұған дейін хабарланғандай, қаңтар оқиғасы кезінде барлығы 3 мыңға жуық қару ұрланған.

ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың айтуынша, 2022 жылы заңсыз айналымнан 1100-ден астам қару, 598 граната және 31 860 оқ-дәрі тәркіленді, тәркіленгендердің жартысына жуығы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны