04.01.2023, 09:42 25156

KEGOC Жамбыл облысында жарықтың сөнуіне қатысты түсініктеме берді

220 кВ әуелік электр жеткізу желілері ажыратылды
Тараз. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 3 қаңтарында Жамбыл облысының электр желілерінде авариялық бұзушылықтар орын алды, деп хабарлайды "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.

2023 жылғы 3 қаңтарда Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 30 м/с дейін жететін дауыл мен ылғалды қар күйіндегі жауын-шашынның салдарынан "Опорная" ҚС қоректендіретін 220 кВ әуелік электр жеткізу желілері автоматты қорғаныс әрекетімен ажыратылды ("KEGOC" АҚ балансында). Қажетті техникамен және материалдармен жабдықталған "KEGOC" АҚ авариялық бригадалары әуе желілерін тексеру жұмыстарын ұйымдастырды", - деп хабарлады компанияда.


Компания түнгі тексеру нәтижесінде құлаған тіректер, үзілістер және сымның зақымдануы анықталғанын атап өтті. 04.01.2023 ж. сағат 03:36-да бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

Бұған дейін хабарланғандай, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында қатты желдің салдарынан электр беру желілерінің 20 бағанасы құлаған.

Бұдан басқа, "ЖаңатаСуЖылу" МКК жекелеген генераторларының қуаты мұндай жағдайларда жұмыс істеу үшін жеткіліксіз. "Шахан" қосалқы станциясындағы қондырғы суыды. Жаңатас қаласының жылумен жабдықтау жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданды.

Сарысу ауданы әкімінің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны