23.01.2023, 10:08 30806

Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы 20 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Күдікті қамауға алынды
Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы 20 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді
Сурет: Depositphotos
Астана. 23 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның баспасөз қызметі.

Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының тұрғыны сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 12 млн теңгеден астам қаражат алған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны