06.09.2022, 14:53 19666

Қостанай облысындағы өрттер: елді мекендерге қауіп жоқ

Қостанай облысындағы өрттер: елді мекендерге қауіп жоқ
ҚОСТАНАЙ. 6 ҚЫРКҮЙЕК - Қостанай облысында өрттерді сөндіру жалғасуда, бірақ елді мекендерге қауіп жоқ, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумағында) қарауылдау ұйымдастырылды. Аздаған жауын жауғандықтан ауа ылғалдығы күшейді", - делінген жедел штабтың хабарламасында.

 
Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2 193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғаныс министрлігі, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында өрт кезінде зардап шеккендер үшін жедел желі ашылды. Облыс әкімдігінде зардап шеккендер үшін 91 үй салуға уәде берілді.
 
Кеше өңірге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Ол зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны