14.03.2021, 15:37 12021

Президент Алматы маңындағы ұшақ апатының себебін анықтауды тапсырды

Кеше сағат 17.22-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды. Төрт адам қайтыс болды, тағы екеуі ауруханаға түсті.
Алматы. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы әуе апатында адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 

Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек", - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

 
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев АН-26 ұшағы апатқа ұшыраған жерге барды. Twitter-дегі парақшасында ол жағдайды бақылауда ұстайтынын айтты.
 

АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - деп жазды Б. Сағынтаев.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше сағат 17.22-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды. Төрт адам қайтыс болды, тағы екеуі ауруханаға түсті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны