11.05.2021, 18:21 19867

ШҚО-ның Лесхоз кентіндегі өрт сөндірілді

РИДДЕР. 11 МАМЫР - Шығыс Қазақстан облысының Лесхоз кентіндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгін сағат 07.00-де елді мекен аумағындағы өрт сөндірілді. Орман өрті периметрінің шетінде ашық жану жоқ. Қазіргі уақытта жекелеген учаскелерде ағаш діңдерін сөндіру жүргізілуде", - деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінде.

 
Жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам күйік шалып, жергілікті ауруханаға, реанимация бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Өрт орнында 1948 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.
 
Өрт салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті.
 
Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының 493 жеке құрамы, 69 бірлік техника және 2 тікұшағы жұмылдырылды. Сағат 07.30-да Павлодар мен Нұр-Сұлтан қалаларынан қосымша көмекке екі МИ-8 тікұшағы ұшып шықты.
 
ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов Департамент күшімен 120 адам мен 8 патрульдік экипаж құрамында өрт болған жерде тонау фактілерінің жолын кесу мақсатында бос тұрған тұрғын үйлердің жанында қоршау және кезекшілік ұйымдастырылғанын атап өтті. 
 
 
ТЖМ мәліметінше, өрт салдарынан 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы бүлінген. 
 
ШҚО бойынша ТЖД жедел желі телефоны жұмыс істей бастады. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8 (7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады. Жедел желі нөмірі бойынша психологтар жұмыс істейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны