11.05.2021, 18:10 9564

Тоқаев өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды

Президент бұл жұмысты бақылауда ұстап отыр.
РИДДЕР. 11 МАМЫР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
 

Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетумен және оларды тұрғын үймен қамтамасыз етумен айналысады. Президент бұл жұмысты бақылауда ұстап отыр", - деді Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 
Еске сала кетейік, ШҚО-да ірі орман өрті орын алған болатын. Өртті сөндіру екпіні секундына 20 метрге жететін қатты жел қиындатады. Желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің үйлеріне тарады.
 
ТЖМ мәліметінше, өрт салдарынан 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы бүлінген.
 
ШҚО бойынша ТЖД жедел желі телефоны жұмыс істей бастады. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8 (7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады. Жедел желі нөмірі бойынша психологтар жұмыс істейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны