17.08.2021, 19:06 9313

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына қатысты тергеу жүргізуде

КӨКШЕТАУ. 17 ТАМЫЗ - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысының "Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ол облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігінің шеңберіне кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Ағымдағы жылдың 14 тамызында соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

 
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. 
 
Бұған дейін дереккөзге сілтеме жасай отырып, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы 13 млн теңге алған кезде ұсталды деп хабарланған болатын. Бұл 30 млн теңге талап етілген соманың бір бөлігі ғана.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны