30.03.2023, 09:41 43091

ҚТЖ қызметкерлерінен тұратын ҰҚТ темір жол төсемін абаттандыруға бөлінген 127 млн теңгені ұрлады

Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған
ҚТЖ қызметкерлерінен тұратын ҰҚТ темір жол төсемін абаттандыруға бөлінген 127 млн теңгені ұрлады
Қарағанды. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 2 жыл бойы темір жолдардың жағдайын жақсартуға арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұрланған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар жарамсыз немесе белгілі бір ақаулары бар жол төсемінің жоғарғы құрылымының бөліктерімен ауыстырылды деп жалған мәліметпен есептен шығарылған.

Қылмыстық топқа "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ы Қарағанды бөлімшесінің 17 қазіргі және бұрынғы жұмысшылары тартылған. Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған. Алдын-ала есептелген шығын 127 млн теңгеден астам сомаға бағаланды, бұл 800 тоннаға жуық материалдар", - деді ведомствода.


Бүгінгі таңда ұрланған тауарлардың көпшілігін сатып алушылары мен орналасқан жерлері, сондай-ақ оларды тасымалдайтын жүк көліктері анықталды.

Соттың санкциясымен Жаңаарқа жол дистанциясының учаске бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ желілік полиция бөлімшесінің бастығы тергеу изоляторына қамалды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабының сәйкес жариялануға жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚТЖ Алматы бөлімшесінің бухгалтерлері ірі жүйелі ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны