28.11.2025, 23:07 50676

АҚШ сауда палатасы қазақстандық бизнеспен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

АҚШ сауда палатасы қазақстандық бизнеспен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы АҚШ Сауда палатасының (AmCham) Атқарушы директоры Джефф Эрлихпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қараша айында Вашингтонға жасаған сапарының қорытындысы бойынша жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру бағытында тығыз жұмыс жүргізуге келісті.

Кездесу қорытындысында AmCham басшысы Қазақстандағы америкалық бизнестің қатысуын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту ісіне белсенді түрде қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны