28.01.2026, 13:13 1141

Амманда халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Амманда халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Иордан Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінде Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Иордания сыртқы саяси мекемесінің Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Али Әл-Басулмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Елшісі иордан тарапына еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы, Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымындағы және басқа да көпжақты форматтағы бастамаларын дәйекті түрде қолдағаны, сондай-ақ халықаралық тетіктерді институционалдық дамыту мәселелеріндегі сындарлы өзара іс-қимылы үшін ризашылық білдірді.

Сонымен қатар, Елші Қазақстан Ұлттық құрылтайының 5-отырысының негізгі қорытындыларымен таныстырды. Аталған іс-шара шеңберінде ауқымды саяси және конституциялық реформаларды қоса алғанда, елді әрі қарай дамытудың негізгі бағыттары қарастырылғандығы аталып өтті.

Тараптар халықаралық ұйымдар желісі бойынша үйлестіруді әрі қарай нығайтуға, оның ішінде көпжақты алаңдарда екі елдің кандидатуралары мен бастамаларын өзара қолдау тәжірибесін жалғастыруға мүдделілігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тығыз үйлестіру жұмыстарын жалғастыруға және әріптестік рухында халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны