02.02.2026, 17:17 2106
Армениялық сарапшылар Қазақстанның конституциялық реформасын елдің тұрақты дамуы жолындағы маңызды кезең ретінде бағалайды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Арменияның сараптамалық қауымдастығының өкілдері - Армян саяси сарапшылар қауымдастығының төрағасы Мигран Шахзадеянмен, Еуразиялық сарапшылар клубының үйлестірушісі, "Интеграция және даму" қоғамдық ұйымының жетекшісі, саяси талдаушы Арам Сафарянмен және "Ануш" армян қорының негізін қалаушы А.Климчукпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ екі елдің сараптамалық және аналитикалық қауымдастықтары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Армениялық сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған, мемлекеттік жүйенің жаңа архитектурасын қалыптастыруға, демократиялық институттарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты институционализациялауға бағытталған конституциялық реформаның негізгі ережелерімен таныстырылды. Қатысушылар аталған өзгерістердің елдің тұрақты дамуы үшін шешуші маңызға ие екендігі туралы ортақ пікірге келді.
Сараптамалық қауымдастық өкілдері Қазақстанның өңірлік және халықаралық деңгейде сенімді нығайтуға бағытталған жүйелі саясатын ерекше атап өтті. Астананың сыртқы саяси бағыты Қазақстан мен Армения арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге қолайлы жағдай қалыптастыратыны айтылды.
Жүйелі диалогтың маңыздылығын ескере отырып, армениялық саясаттанушылар Ереванда сараптамалық дөңгелек үстел өткізу бастамасын ұсынды. Аталған іс-шара екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға, сондай-ақ бірлескен ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.02.2026, 23:29 696
Қазақстан Сыртқы істер министрін Түркия Президенті қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Анкараға ресми сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында Р.Т.Ердоған екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде қарқынды дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, екі ел арасындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Өз кезегінде Е.Көшербаев Түркия көшбасшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ықыласқа толы ниеттестігін жеткізіп, жоғары және биік деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.
Тараптар бауырластыққа және берік достыққа негізделген қазақ-түрік қатынастарын одан әрі нығайту жолдары мен әлеуетін талқылады. Қазақстан мен Түркияның халықаралық ұйымдарда, оның ішінде түркі интеграциясы шеңберінде өзара сенім мен қолдау рухындағы әрекеті, сондай-ақ жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша қөзқарастарының ұқсастығы жоғары бағаланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 22:26 916
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлерінің Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 8-ші отырысының қорытындысы бойынша қабылдаған Бірлескен мәлімдемесі
Достарға айту
2026 жылғы 2 ақпанда Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев және Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының (БСЖТ) 8-отырысына төрағалық етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтудың жолдары жөнінде сауда мен инвестициялар, мәдениет пен білім беру, энергетикалық қауіпсіздік, өңірлік байланыстылық, денсаулық сақтау, қоршаған орта, терроризмге қарсы күрес, қорғаныс және қорғаныс өнеркәсібі салаларын қоса алғанда, кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл толуын атап өтіп, ортақ тарих, тіл мен мәдениетті бауырластық ынтымақтастықтың негізі ретінде айқындай келе, Сыртқы істер министрлері екі елдің кеңейтілген стратегиялық әріптестігіне сәйкес көпжоспарлы қазақ-түрік ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады.
Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы берік екіжақты байланыстар мен өзара сенімді айғақтайтын жоғары деңгейдегі сапарлардың жиілігіне қанағаттанушылық білдірді. Олар мұндай сапарлар түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, осы қарқынды сақтауға дайын екенін растады.
Тараптар экономикалық қатынастардың басым бағыттарын, оның ішінде сауда мен инвестицияларды жеңілдету және әртараптандыру, ауыл шаруашылығында технологиялар трансферін және бірлескен инвестицияларды ынталандыру, қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықты күшейту, денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету, ғылым мен технология, әсіресе киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, цифрландыру және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, энергия саудасы мен бірлескен жобалар, оның ішінде құн тізбегі бойынша мұнай мен табиғи газ инфрақұрылымы, таза энергия өндіру, электр энергиясын тасымалдау арқылы энергетика саласында ынтымақтасу, сондай-ақ маңызды минералдар мен сирек жер элементтеріне басымдық бере отырып, тау-кен саласында барлау, игеру және өңдеу бойынша бірлескен бастамалар көтеру мәселелерін талқылады.
Сыртқы істер министрлері Транскаспий Шығыс-Батыс Орта дәлізінің Орталық Азия елдерін Түркия арқылы сыртқы нарықтармен байланыстыратын орнықты әрі сенімді көлік және энергетикалық бағыт ретіндегі маңызын мойындап, екіжақты ынтымақтастықпен қатар Қазақстан, Түркия және Әзербайжан сыртқы істер министрлері мен көлік министрлерінің үшжақты тетігі, сондай-ақ өңірлік және халықаралық алаңдар, ең алдымен Түркі әлемінің негізгі көпжақты платформасы болып табылатын Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясында өңірлік байланыстылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды тереңдетуге дайындықтарын растады.
Сыртқы істер министрлері Қазақстан Орталық Азиядағы Түркияның ең ірі сауда әріптесі екеніне ерекше тоқталып, 2024 жылғы 25 сәуірде Анкарада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 13-ші отырысының Іс-қимыл жоспарын іске асырудағы қол жеткізілген алға басуды ризашылықпен атап өтті.
Тараптар бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін жаңа қатерлерге, оның ішінде терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне, сондай-ақ өзге де трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен қатерлерге қарсы күресте үйлестірілген іс-қимыл жасасу туралы шешім қабылдады.
Тараптар қорғаныс мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты, әскери-техникалық әріптестікті және екі елдің тиісті органдары арасында жалғасып жатқан әскери диалогты жоғары бағалады. Осы ретте, Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі инфрақұрылымын бірлескен кәсіпорындар арқылы жаңғырту жобаларының маңыздылығын растады.
Қазақстан мен Түркияның Сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы халықтар арасындағы байланыстарды екіжақты қарым-қатынастардың берік тіректерінің бірі ретінде атап өтті. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Астана қаласындағы Юнус Эмре түрік мәдени орталығы және қазақстандық студенттерге арналған "Түркия стипендиялары" бағдарламасы осы байланыстың айқын көрінісі болып табылады.
Сыртқы істер министрлері Е.Көшербаев және Х.Фидан алдағы кезеңде Астана және Алматы қалаларында "Маариф" мектептерін ашу жөніндегі ілгерілеуді құптап, бауырлас екі халық арасындағы білім беру және мәдени әріптестікті қолдауды жалғастыруға уағдаласты.
Тараптар екі ел арасында білім беру мен ғылым саласындағы, әсіресе жоғары және орта кәсіби білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде зерттеушілер мен мамандар алмасуын жандандыруды құптады.
Тараптар TIKA және KazAID-пен ынтымақтастық шеңберінде Орталық Азияда тұрақты дамуды ілгерілетуге, сондай-ақ үшінші елдердің дамуына көмек көрсетуге бағытталған ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.
Сыртқы істер министрі Фидан 2023 жылғы 6 ақпандағы жойқын жер сілкінісі кезінде бауырлас Қазақстанның көрсеткен қолдауы және қазақ халқының бауырластық ниетінің белгісі Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласындағы мектеп құрылысы үшін алғыс білдірді.
Тараптар соңғы жылдары денсаулық сақтау саласында қалыптасқан тығыз әрі сындарлы ынтымақтастықты жоғары бағалап, алдағы кезеңде институционалдық өзара іс-қимылды кеңейтуге, әлеуетті арттыру және тәжірибе алмасу арқылы бұл ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ортақ ниеттерін білдірді.
Сыртқы істер министрлері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жаһандық тұрақтылық пен төзімділікті нығайтудағы рөлін жоғары бағалады.
Сыртқы істер министрлері Е.Көшербаев және Х.Фидан Қазақстан мен Түркияның ТМҰ-ның құрылтайшы мүшелері ретінде Түркі әлемінің бірлігін нығайтудың және интеграциясын тереңдетудің негізгі институттары болып табылатын ТМҰ мен өзге де түркі ынтымақтастық ұйымдарын одан әрі күшейту мақсатында ынтымақтастықты кеңейтуге дайындықтарын растады.
Осы тұрғыда, Тараптар Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратын "Түркі әлемінің келешегі - 2040" құжатын іске асыру бойынша бірлескен күш-жігерді жандандыруға дайын екенін қуаттады.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) құрылтайшы мүшелері ретінде Тараптар АӨСШК-тің азиялық болмысын сақтай отырып, толыққанды халықаралық ұйымға айналуын қолдады.
Тараптар БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ және ЭЫҰ сияқты халықаралық платформалар аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын атап өтті. Тараптар түрлі халықаралық ұйымдар мен лауазымдарға бір-бірінің кандидатураларын мүмкіндігінше өзара қолдау жөнінде түсіністік сақтауға уағдаласты.
Сыртқы істер министрлері Е.Көшербаев және Х.Фидан Ауғанстан, Газа, Украина және Сирияны қоса алғанда, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Сыртқы істер министрлері осы тұрғыда Газа секторындағы соғысты тоқтатуға бағытталған Кешенді бейбітшілік жоспарының екінші кезеңінің іске қосылуын құптады. Олар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 2803 қарарымен мақұлданған және құрамына екі мемлекет те кіретін Бейбітшілік кеңесінің құрылуы тұрақты атысты тоқтатуға, Газаны қалпына келтіруге, сондай-ақ өңірде бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуге және екі мемлекет шешімін жүзеге асыруға бағытталған жаңа серпін бергенін атап өтті.
Сыртқы істер министрлері Кипр мәселесі бойынша өзара келісілген, екі тарапқа да қолайлы әрі тиімді шешімге қол жеткізудің қажеттігілігін атап өтіп, Кипр түріктерінің Түркі әлемінің біртұтас бөлігі ретінде өздерінің тең әрі ажырамас құқықтарға ие болуға деген ұмтылыстарын мойындады.
БСЖТ отырысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның тең төрағалығымен Астанада өтетін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-шы отырысының мерзімі мен дайындығын, сондай-ақ 2026 жылы Қазақстанда (Түркістан) және Түркияда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Саммиттерін ұйымдастыру мәселелерін талқылауға уақтылы мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 21:24 1426
Анкарада Қазақстан-Түркия бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 8-ші отырысы өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан-Түркия бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 8-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның тең төрағалығымен өткен отырыс барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, IT, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Е.Көшербаев Түркияның Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
Осы орайда өзара сауданы жоғары әлеуеті бар салаларда, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдері бағытында арттыру бойынша практикалық қадамдарды жандандырудың маңыздылығын атап өткім келеді. Қазақстан түрік тұтынушылары үшін сапалы азық-түлік өнімдерінің сенімді жеткізушісі бола алады", - деді Е.Көшербаев.
Отырыста инвестициялық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанның Сыртқы істер министрі түрік инвестицияларының Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Түркияның Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі 5 млрд АҚШ долларынан асса, Қазақстанның Түркияға салған инвестициясы 2,2 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл - түрік инвесторларының Қазақстанға деген сенімінің және елде инвестициялық қызмет жүргізуге қолайлы жағдайлардың бар екенінің айқын дәлелі.
Сонымен қатар Е.Көшербаев түрік серіктестерінің назарын инвесторлардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыруға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шараларға аударды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер, тұрақтылық кепілдіктері, субсидиялар мен гранттар, сондай-ақ инвесторлар үшін арнайы визалық режимді қоса алғанда, кең ауқымды преференциялар ұсынылуда.
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың түрлі аспектілерін де талқылады. 2023 жылы орын алған жойқын жер сілкінісінің салдарын жою мақсатында бауырлас түрік халқына көмек көрсету жөніндегі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыруға ерекше назар аударылды. Осы жұмыс аясында Қазақстан ағымдағы жылы Газиантеп провинциясында мектеп құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ отырыста Қазақстан мен Түркияның халықаралық күн тәртібі бойынша ынтымақтастығы және көпжақты форматтар аясында өзара қолдау көрсету мәселелері қаралды. Е.Көшербаев түркі интеграциясы Қазақстанның көпжақты дипломатиясындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Биыл Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми Саммитін өткізу жоспарланса, Түркияда кезекті 13-ші Саммит өтеді. Өз сөзінде ҚР Сыртқы істер министрі алдағы кездесулердің маңыздылығына назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркияның сыртқы істер министрліктері арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
Өткен келіссөздердің қорытындысын шығара отырып, тараптар оның нәтижелеріне қанағаттанушылық білдіріп, Қазақстан Сыртқы істер министрінің Анкараға сапары Қазақстан мен Түркия арасындағы дәстүрлі берік байланыстардың дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 20:21 1666
Ташкентте сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары қаралды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратовпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған өткен мемлекеттік сапарының қорытындыларын, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және қабылданған тапсырмаларды орындау жоспарларын атап өтті.
Ағымдағы жылға арналған іс-шаралар кестесіне, оның ішінде жоғары және ең жоғары деңгейлердегі байланыстарға, сондай-ақ бірлескен үкіметаралық және салалық ынтымақтастық тетіктерінің жоспарланған отырыстарына ерекше назар аударылды, қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын мониторингтеуге баса мән берілді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде елдер арасындағы өзара сауданың жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық пен өзара инвестицияларды ынталандыру жөніндегі практикалық шараларды талқылады.
2030 жылға қарай екіжақты тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі Бірлескен бағдарламаның орындалу барысы жеке қаралды, оның ішінде нақты жобаларды іске асыру және сауда-экономикалық байланыстарды қолдау тетіктері қамтылды. Осы тұрғыда "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын дамыту мәселелері, сондай-ақ өзара сауданы ілгерілетудің негізгі құралдарының бірі ретінде "UzKazTrade" бірлескен сауда компаниясының қызметі талқыланды.
Тараптар сондай-ақ өнімнің сәйкестігін бағалауды өзара тану мәселелері бойынша пікір алмасты, тауар айналымын одан әрі ұлғайту мақсатында техникалық кедергілерді жою мен реттеуші тәсілдерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу аясында Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысын, сондай-ақ Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің кезекті отырысын өткізуге қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.
Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің деректері бойынша 2025 жылдың қорытындысында тауар айналымы 4,97 млрд АҚШ долларына жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өсті. Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 3,43 млрд АҚШ долларын, импорт 1,54 млрд АҚШ долларын құрады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы шамамен 4,1 млрд АҚШ долларын құрады, 2024 жылы шамамен 4,5 млрд АҚШ долларына дейін өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 19:19 2901
Қазақстан ТМД елдерін конституциялық реформалардың негізгі бастамалары туралы хабардар етті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі, Қазақстанның ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғылық және басқа да органдары жанындағы қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің бірінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында Кеңес мүшелерін ү.ж. 20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Қазақстанның болашақ дамуының маңызды бастамаларымен және Қазақстан Республикасындағы конституциялық өзгерістермен таныстырды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының болашақ парламенттің атауына, құрылымы мен өкілеттіктеріне көзқарастары, сондай-ақ оның биліктің қоғамдық-саяси және мемлекеттік институттарын (Халық жиналысы, вице-президенттік және т.б.) реформалау жөніндегі ұсыныстары баяндалды.
Конституциялық реформаларды жүргізу туралы шешімді Қазақстан халқы алдағы жалпыұлттық референдумда қабылдайтыны аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 10:22 2331
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты.
Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 09:59 2526
Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады
Достарға айту
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2026, 22:28 137151
Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы - Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі - Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен отырыстарындағы талқылау барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады.
Комиссия мүшелері жаңа преамбуланың, бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болатынын атап өтті. Осыған байланысты Комиссия мүшелері аталған жобаны Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастыру және оны халықтың назарына ұсыну үшін жариялау қажет екенін жеткізді. Өз кезегінде Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.
Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған.
Мемлекет басшысы Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.
Кездесу соңында Президент жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтынын тағы да атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.02.2026, 12:31Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
29.01.2026, 21:55 143531Алматы әуежайының инвестициялық жоспарларын іске асыру мәселелері Қазақстан СІМ-де қаралды30.01.2026, 22:28 137371Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді30.01.2026, 22:19 137366Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті30.01.2026, 21:16 137196Афина энергетикалық саммитінде Қазақстанның энергетикалық басымдықтары мен реформалары таныстырылды30.01.2026, 20:12 137066Қазанда қазақ ұлттық-мәдени автономиясының дамуы мен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды
21.01.2026, 10:52 216716Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216641Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2152712025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді20.01.2026, 22:18 213141Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті14.01.2026, 12:28 212951Kundelik vs. BilimClass: Алматы мектептерінде электронды күнделік қалай ауысты

