25.02.2026, 19:38 36896

Қазақстан Елшісі Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды
Сурет: gov.kz
Гаага қаласындағы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының (ХҚТҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшісі, Қазақстанның ХҚТҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин ХҚТҰ Бас директоры Фернандо Ариасқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен ХҚТҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Қазақ дипломаты Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға және жаһандық сын-қатерлерді шешудегі осы халықаралық ұйымның рөлін арттыруға, ең алдымен химиялық қаруға тыйым салу саласында, бейілділігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны