26.02.2026, 11:33 4521

Қазақстан мен БАӘ білім беру саласындағы диалогты жандандыруда

Қазақстан мен БАӘ білім беру саласындағы диалогты жандандыруда
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Мұхаммед бен Заид атындағы гуманитарлық ғылымдар университетінің ректоры доктор Халифа Мүбарак Әл Захиримен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Р.Жұмабек сұхбаттасушыны Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы мәлімет берді. Оның ішінде Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша алдағы республикалық референдумға ерекше назар аударылып, бұл қадам елдің одан әрі демократиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екені айтылды.

Референдум мемлекеттік маңызы бар негізгі шешімдерді қабылдауға азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталғаны және Қазақстанның ашықтық пен транспаренттілік қағидаттарына берік ұстанымын айқындайтыны жеткізілді.

Тараптар білім беру және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Екі елдің жоғары оқу орындары арасында тікелей әріптестік байланыстар орнатудың маңыздылығы, оның ішінде бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде доктор Х.М. Әл Захири екіжақты академиялық өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық білдіріп, делегациялар алмасу, гуманитарлық ғылымдар мен мәдениетаралық диалог саласында бірлескен оқу жобаларын ұйымдастыру, сондай-ақ араб тілін оқыту жөніндегі ұсыныстарды қолдады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру әрі мәдени байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілігін растады және айтылған бастамаларды мазмұнды түрде пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны