02.12.2025, 19:57 3221

Қазақстан мен Чехия парламентаралық диалогты нығайтуда

Қазақстан мен Чехия парламентаралық диалогты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасы Халықаралық істер комитетінің жаңадан сайланған Төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты дамыту және саяси диалогты кеңейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Р.Вондрачек ҚР Парламентінің Мәжілісімен өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылығын білдіріп, парламентарлық дипломатияны одан әрі нығайтуға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Депутат Чехия Парламентінің жаңадан сайланған Төменгі палатасында "Чехия-Қазақстан" достық тобын басқаруға ықылас білдірді. Парламентаралық достық тобы бірлескен бастамаларды ілгерілету және ынтымақтастықты кеңейту үшін тиімді құрал екені атап өтілді.

Р.Вондрачек сондай-ақ экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Кездесу барысында Орталық Азия мен Орталық Еуропа арасындағы парламентаралық диалогты дамыту перспективаларына ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу соңында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны