02.04.2026, 12:23 2891
Қазақстан мен Грекия өнеркәсіптік әріптестікті кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Орталық Македония өңіріне барып, оның барысында іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, өңірдің жетекші өндірістік кәсіпорындарын аралады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар аясында Елші лифт жабдықтарын өндіру, лак-бояу өнімдері, тамақ өнеркәсібі, косметика, медициналық жабдықтар, сондай-ақ бөлшек сауда салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметімен танысты. Қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Салоники Сауда-өнеркәсіп палатасының, сондай-ақ Салоники индустриялық аймағының бизнес қауымдастығының басшылығымен Қазақстан мен Грекия арасындағы іскерлік өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті. Тараптар өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік сектор, логистика және инвестициялық қызметті қоса алғанда, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.
Кездесулер барысында Қазақстан Елшісі грек бизнес өкілдерін елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және шетелдік инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы, соның ішінде салықтық преференциялар, инвестициялық келісімдер және жобаларды сүйемелдеу тетіктері жөнінде хабардар етті. Іскерлік байланыстарды жандандыруға өзара мүдделілік расталып, грек компанияларының Қазақстандағы нақты бірлескен жобаларын пысықтауға жәрдем көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.
Бағдарламаның жеке бөлігі ретінде Халықаралық грек университетінде оқу орнының басшылығымен кездесу өтті. Тараптар Қазақстан мен Грекия университеттері арасында әріптестік орнату, студенттер мен оқытушылар алмасу, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыру арқылы академиялық ынтымақтастықты дамытуға келісті.
Жалпы, сапар грек бизнесінің Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейтуге деген елеулі қызығушылығын көрсетті, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.04.2026, 18:38 1316
Қазақстан мен Словения жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласында ынтымақтастықты дамытуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту шеңберінде Қазақстан Республикасының Елшісі Алтай Әбибуллаев "Jozef Stefan Institute" атты жетекші ғылыми-зерттеу және технологиялық орталығының директоры Леон Цизелимен, сондай-ақ Словения Республикасы Цифрлық трансформация министрлігінің цифрлық қоғам жөніндегі Бас директоры Мойца Штруцпен өткізген кездесулерде цифрлық экономиканың, жасанды интеллекттің және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Елшісі словен тарапын Қазақстан Республикасында 2026 жылды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар жылы" деп жариялан Жарлығымен таныстырып, бұл шешім елдің жеделдетілген цифрлық трансформация және ЖИ базасында озық шешімдерді енгізу жөніндегі стратегиялық басымдығы екендігіне назар аударды. Қазақстан цифрлық технологиялардың даму деңгейі бойынша әлемде 24-ші орынды иеленіп, осы саладағы тұрақты ілгерілеуді көрсетіп отырғаны атап өтілді. Қазақстанның электрондық үкімет жүйесін дамытудағы жетістіктеріне, сондай-ақ банк секторындағы елеулі табыстарға ерекше назар аударылды, онда финтех-шешімдерді енгізу біздің азаматтар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттыруға бағышталған.
Қазақстанның цифрлық форматта ауқымды мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ететін "eGov.kz" электрондық үкімет жүйесін дамытудағы жетістіктеріне, сондай-ақ банк саласындағы елеулі табыстарға ерекше назар аударылды, мұнда финтех-шешімдерді енгізу халық үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамытудың негізгі тұғырнамасы болып табылатын Astana Hub - IT-стартаптардың халықаралық технопаркі қызметі жеке таныстырылды. Талқылау барысында стартаптарды қолдауды, халықаралық технологиялық компанияларды тартуды, сондай-ақ IT-қызметтердің экспорттық әлеуетін дамытуды қоса алғанда, технопарктің мақсаттарына зейін қойылды.
Тараптар Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік құрылымдарының, бизнесі мен ғылыми қоғамдастықтарының өкілдерін біріктіретін, сондай-ақ жаңа бірлескен бастамалар мен жобаларды іске қосу үшін жағдай жасайтын "AI&Digital Bridge" атты Люблянада өтетін тұңғыш қазақ-словен бизнес-форумының күн тәртібі де жан-жақты талқыланды.
Словен тарапы өзара келісу үдерісінің тамамдалып, мүдделі министрліктер арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайын екенін растады.
Елші Премьер-Министрдің Орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі - Қазақстан-Словения ҮАК Тең төрағасы Ж.Мәдиевтің Словенияның цифрлық трансформация Министрі К.Клампфер ханымның атына жолданған 2026 ж. 4-5 мамырда Алматыда өтетін GITEX AI халықаралық технологиялық форумына ресми шақыруын табыс етіп, бұл мемлекеттік органдар және екі елдің бизнес өкілдері арасында тәжірибе алмасу мен тікелей байланыс орнату үшін маңызды алаңға айналатынын басып айтты.
Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Словения арасындағы жасанды интеллект және АКТ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кешенді дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласында тәжірибе алмасуды, технологиялық компаниялар мен ғылыми орталықтар арасындағы серіктестікті дамытуды, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауды қоса алғанда, стартап-компанияларды қолдау бойынша қағидатты уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2026, 17:36 1256
Сербиялық компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға қызығушылық танытуда
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов Mambikom Agrar және Korali компанияларының басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Mambikom Agrar компаниясының басшысы Владимир Тесламен өткен кездесуде тараптар Қазақстанда жеміс-жидектерді мұздату зауытын салу жобасының қазіргі жағдайы мен оны жүзеге асырудың алдағы қадамдарын талқылады.
Сербиялық кәсіпкер жобаға инвестиция салу ниетін растап, Қазақстандағы серіктестермен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Осы тұрғыда өзара іс-қимылдың негізгі кезеңдері келісілді.
Елші мен Mambikom Agrar басшылығы жобаның Қазақстандағы агроөнеркәсіптік секторын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан болашағы бар екеніне сенім білдірді.
Korali компаниясының басшылығымен өткен кездесуде серб тарапы қалаларды абаттандыру бойынша ұсыныстар білдіріп, Қазақстандағы серіктестермен бірлесе өңірлік нарықтарға шығу үшін өз өнімдерінің өндірісін шоғырландыруға дайын екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2026, 16:34 1461
Қазақ мәдениеті Сингапур жұртшылығын тәнті етті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Азия-Еуропа қорының" (ASEF Open Day 2026) Ашық күні аясында жаңару, көктем және бірлік символы болып табылатын Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сингапурдағы Қазақстан Республикасының Елшілігі ұлттық мәдени бағдарламаны ұсынып, іс-шара қонақтарының зор қызығушылығын тудырды. Атап айтқанда, жергілікті қазақстандық диаспора өкілдерінің қатысуымен ұлттық хореографияның әсемдігін паш ететін дәстүрлі қазақ биі, сондай-ақ Құрманғазының "Адай" күйі шеберлікпен орындалды.
Іс-шара қонақтары қатарында "Азия-Еуропа қорының" басшылығы мен қызметкерлері, Сингапурдағы шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен кең жұртшылық болды.
Наурыз мерекесінің мәніне, оның адам мен табиғат үйлесімін, өзара құрмет пен халықтар арасындағы достық байланыстарды нығайтуды бейнелейтін ежелгі халықтық мейрам ретіндегі маңызына ерекше назар аударылды.
Қазақcтанның аталған іс-шараға қатысуы Азия мен Еуропа елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді халықаралық деңгейде ілгерілетуге ықпал етті.
"Азия-Еуропа қоры" (ASEF) - 1997 жылы "Азия-Еуропа" форумы (ASEM) аясында құрылған үкіметаралық ұйым. Қор мәдениет, білім, орнықты даму және қоғамдық дипломатия салаларында бағдарламаларды жүзеге асырып, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністі дамытуға ықпал етеді. Қазақстан атынан Қорды басқарушы - Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2026, 15:32 1661
Француз оқушылары Қазақстанда оқу-тәжірибелік бағдарламадан өтеді
Достарға айту
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Париж қаласының лицейлерінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында француз оқушыларына еліміздің мәдениет, туризм және спорт саларындағы қазіргі даму бағыттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар екі ел арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарымен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған кездесу алдағы оқу-тәжірибелік сапар қарсаңында ұйымдастырылды. Осы ретте, 2026 жылғы 5-19 сәуір аралығында лицейлердің оқушылары Алматы және Ақтау қалаларына екі апталық оқу-тәжірибелік сапармен барады. Сапар аясында олар қазақстандық колледждерде "Тігін өндірісі және киім үлгілеу", "Тамақтануды ұйымдастыру", "Информатика", "Энергетика және баламалы энергия көздері" мамандықтары бойынша оқу сабақтарына қатысады.
Бағдарламаға қатысатын қазақстандық оқу орындары қатарында Алматы сервис және технологиялар колледжі, Алматы облысының Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі, Ақтау қаласындағы "Каспий өңірі Болашақ" колледжі және Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі бар. Аталған білім беру ұйымдары Париж академиясында (Académie de Paris) жүйесінде аккредиттеуден өткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2026, 14:28 1551
Қазақстан мен Татарстан іскерлік байланыстарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігінің қолдауымен Татарстанның іскер топтарының өкілдерімен онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Герман Лернер, Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілінің экономикалық бөлімінің бастығы Михаил Кладкин, Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілетті өкілі Денис Валеев құттықтау сөз сөйледі.
Қатысушылар жоғары деңгейдегі кездесулер стратегиялық серіктестікті растайтынын, бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын атап өтті. Тараптар Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығын нығайтып, бизнес-бастамаларды қолдайды және сауда қатынастарын дамытады және ЕАЭО аясындағы негізгі сауда әріптестері болып қала береді. Өнеркәсіптік кооперация, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы және АТ секторы Татарстан бизнесі мүдделерінің фокусында.
Қазақстан Конституциясына енгізілетін негізгі түзетулер болжамды бизнес-орта құруға, жеке меншікті қорғауды нығайтуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Татарстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы өзара белсенді жұмыс жасауда. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда NTIN бірегей кодын беру арқылы айналымды қадағалауға арналған тауарлардың міндетті ұлттық каталогы енгізілді, сондай-ақ тауарлардың отандық шығарылуын растау үшін СТ-KZ сертификаттарын алмастыратын қазақстандық өндірушілердің тізілімі жұмыс істей бастады.
Форум қорытындысы бойынша қазақстандық дипломат Премьер-Министрдің орынбасары - Татарстан РеспубликасыныңӨнеркәсіп және сауда министрі Олег Коробченкомен кездесіп, бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады, серіктестікті нығайту үшін алдағы іс-шараларға делегациялардың қатысуының маңыздылығын атап өтті. Жақын арада Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қою ұсынылды.
Іс-шараға 50-ден астам бизнес кәсіпорны қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2026, 13:26 1751
Қазақстан мен Албания екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Тирана қаласында Қазақстанның Албаниядағы Елшісі Искандер Айсариев Албания Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі Ферит Ходжамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында сұхбаттастар екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін растап, екіжақты ынтымақтастық форматында және халықаралық алаңдарда жоспарлы дамып келе жатқанын атап өтті.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру және өзара іс-қимылдың институционалдық тетіктерін қалыптастыру қажеттігіне назар аударды. Бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара сауда көлемін арттыруға өзара мүдделілігін растады.
Оған қоса транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Елші И.Айсариев Орта дәліз аясындағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өтіп, албан тарапын тиісті бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. Орталық Азия мен Балқан өңірі арасындағы орнықты логистикалық тізбектерді қалыптастыру және халықаралық көлік бағыттарын дамыту мүмкіндіктеріне айрықша тоқталды.
Сонымен бірге тараптар шарттық-құқықтық базаны дамыту, білім беру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырып, алдағы түрлі деңгейлердегі екіжақты өзара байланыстардың кестесі бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-албан серіктестігін одан әрі нығайтуға және барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған іс-жүзіндегі бастамаларды жүзеге асыруға өзара дайын екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2026, 11:22 2166
Қазақстан су саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуде
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Ғаламдық су ұйымы негізін қалаушы тобының басшысы Фахд Балғунейммен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар су қауіпсіздігі, су ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы саласында заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
Қазақстан Елшісі халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайту жаһандық су сын-қатерлерін еңсеруде маңызды екенін атап өтіп, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Ғаламдық су ұйымының өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, елдің су дипломатиясы саласындағы бастамаларды ілгерілетудегі белсенді рөлін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтауға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2026, 10:20 1981
Қазақстан мен NEXI бірлескен жобаларды талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Кожатаев Жапония экспорт пен инвестицияларды сақтандыру агенттігінің (NEXI) Төрағасы Ацуо Куродамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ келісімшарттарды іске асыру кезінде тәуекелдерді жабу бойынша "NEXI" тетіктерін қоса алғанда бірлескен жобаларды сақтандыру және қаржылық қолдау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.
2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Токиоға ресми сапары аясында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен Жапонияның экспорт пен инвестицияларды сақтандыру агенттігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыруға ерекше назар аударылды.
NEXI" Төрағасы А.Курода жапон тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады және жапон компанияларының Қазақстандағы жобаларына қаржылық-сақтандыру қолдауын көрсету мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол энергетика, аса маңызды минералдар, логистика және басқа да салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуетін атап өтті.
Сонымен бірге, А.Курода 2026 жылғы мамырда Астанада өтетін Халықаралық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылар одағының (Берн одағы) отырысына қатысу үшін Қазақстанға "NEXI" делегациясын жолдайтынын хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.03.2026, 20:48Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық тандемді нығайтуды жалғастыруда 01.04.2026, 18:27 166916Қазақстан CERAWeek конференциясында мұнай саласын дамытудың басым бағыттарымен таныстырды31.03.2026, 21:15 166021Қазақстан мен Өзбекстан одақтастық қатынастарды дамытуды және стратегиялық диалогты нығайтуды жалғастыруда01.04.2026, 17:21 159501Қазақстан мен Сингапур сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда01.04.2026, 16:18 159446Қазақстан мен Вьетнам су ресурстары және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
17.03.2026, 17:12 291176Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 290951Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 290691Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді16.03.2026, 16:56 255041Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді20.03.2026, 09:23 251046Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

