27.02.2026, 17:59 2141
Қазақстан мен Индонезия сыртқы саяси диалогты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Джакартаға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында оның сыртқы істер Вице-министрі Анис Матта және Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық жөніндегі Бас директоры Три Тарьятпен кездесулері өтті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерінің кең ауқымын талқылады.
Ерекше назар БҰҰ және Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, Палестина мәселесіне, әсіресе Бейбітшілік кеңесі мен Халықаралық тұрақтандыру күштеріне бірге қатысуды тұрғысынан, су проблематикасына, халықаралық бастамаларды өзара қолдау мәселелеріне аударылды.
Тараптар халықаралық күн тәртібінің аталған сұрақтары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.03.2026, 13:37 2401
Қазақстан мен Нидерланд саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Нидерланд сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал Нидерланд делегациясын Нидерланд Сыртқы істер министрлігі Саяси мәселелер жөніндегі бас директорының орынбасары Юст Фламанд басқарды.
Нидерланды Қазақстан үшін екіжақты негізде де, сондай-ақ Еуропалық одақ аясында да маңызды әрі жақын серіктес болып табылады. Соңғы үш онжылдықта біздің елдеріміз ортақ құндылықтар мен мақсаттарға, өзара құрмет пен сенімге негізделген берік серіктестік қатынастарды қалыптастырды", - деп кездесу барысында атап өтті А.Исетов.
Тараптар саяси диалог, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды қоса алғанда Қазақстан-Нидерланд ынтымақтастығының қазірі мен келешегін талқылап, өзекті өңірлік және жаһандық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Ведомствоаралық консультациялар күн тәртібіне Нидерланды тиімді реттеудің бірегей нәтижелерін көрсетіп отырған су ресурстарын басқару мәселесі шығарылды.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты өзара құрмет, ашықтық пен прагматизм рухында одан әрі дамытуға өзара дайындық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 12:34 2601
Қазанда Жамбыл Жабаев мұрасы бойынша шығармашылық кеш өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығы қазақ халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазан федералды университетінің филология және мәдениетаралық коммуникация институтының (бұдан әрі - ҚФУ) қолдауымен Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығында "Жамбыл Жабаев - ақын, азамат" атты дөңгелек үстел өтті. Оған Татарстан халқы Ассамблеясының атқарушы комитетінің жетекшісі, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің депутаты Ренат Валиуллин, ҚФУ филология және мәдениетаралық коммуникация институтының директоры, профессор Радиф Замалетдинов, Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Рақымжан Тұрысбек, ҚФУ жалпы тіл білімі және түркітану кафедрасының профессоры Альфия Юсупова, сондай-ақ ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Шара барысында қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығын, оның қазақ әдебиетін дамытудағы рөлін және үлесін талқылап, ұлы импровизатордың шығармашылық мұрасын түсіну тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілінің өнері адамзаттық құндылықтардың дамуына, әділеттілік пен патриотизмді насихаттауға, Ұлы дала философиясына әсер етті. "XX ғасырдың Гомері" деп аталған шығармалары шынайы әрі қуатқа толы болып, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Студенттердің Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан орындаған әндері мен өлеңдері қонақтардың қызығушылығын тудырып, жылы лебіздеріне ие болды.
Сонымен қатар, "МИР" кинотеатрында "Жамбыл. Жаңа дәуір" атты тарихи фильм көрсетілді. Сюжет ақынның даналығын, халық рухын сақтаудағы рөлін және көшірілген мәдениет қайраткерлерімен кездесуін көрсете отырып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі оның шығармашылығы мен қоғамдық қызметін көрсетеді.
Татарстанның жетекші кітапханаларының мұрағаттарынан татар, орыс тілдерінде және латын графикасында сирек кездесетін кітап коллекциялары көрсетілді. Қонақтарға қазақ ұлттық тағамдары ұсынылып, музыкалық шығармалар орындалды.
Айта кеткен жөн, Қазанда Жамбыл Жабаевтың атында көше бар.
Іс-шараға Қазанда тіркелген шетелдік бас және құрметті консулдықтардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтардың, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 11:30 2811
Ереванда экология саласындағы қазақ-армян ынтымақтастығы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Қоршаған орта министрі Амбарцум Матевосянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында өңірлік және жаһандық экологиялық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммит климаттық саясат, су қауіпсіздігі және орнықты даму салаларында өңір елдерінің күш-жігерін біріктіруге арналған маңызды алаң ретінде аталып өтті.
Сондай-ақ оның қорытындылары үстіміздегі жылдың қазан айында Ереванда өтетін БҰҰ Биологиялық әртүрлілік туралы конвенциясы Тараптарының 17-ші конференциясына мазмұнды дайындық жасауға ықпал етуі мүмкін екені айтылды.
Халықаралық күн тәртібінде басым орын алатын су ресурстарын орнықты басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруді нығайтуға және су ресурстарын ұтымды пайдаланудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы талқыланды. Өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары ретінде сарапшылар алмасу, бірлескен бағдарламаларды іске асыру және тәжірибе алмасу, соның ішінде экожүйелер мен биоәртүрлілікті сақтау мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тұрақты диалогты қолдауға дайын екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 10:18 3731
Қазақстан Сыртқы істер министрі Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуал төңірегінде пікір алмасып, дағдарыс жағдайында тығыз үйлестіру мен жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан СІМ басшысы эвакуациялық іс-шаралар мәселелері бойынша сындарлы өзара іс-қимыл үшін Әзербайжан мен Түрікменстандағы әріптестеріне ризашылығын білдірді.
Сұхбаттастар мәселелені тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы реттеуге ортақ бейілділігін растады, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын сақтау және өңірлік қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Қорытындылай келе, тараптар азаматтарды эвакуациялау мүмкіндігін ұйымдастыру мәселелерінде қажетті қолдау көрсетуге, сондай-ақ сыртқы істер ведомстволары желісі бойынша тығыз жұмыс байланыстарын жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Таяу Шығыстың бірқатар елдеріндегі әскери-саяси ахуалдың ушығуы жағдайында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі күшейтілген режімде жұмысын жалғастыруда.
Өңірдегі шет елдердегі мекемелердің дипломаттары жағдайдың дамуын үздіксіз бақылап, жедел әрекет ету және консулдық-құқықтық көмек көрсету мақсатында жергілікті билік органдары және ҚР азаматтарымен тұрақты байланыста болып, әуежайларға жүйелі түрде баруда.
Төтенше байланыс желілері мен мессенджерлердегі жедел чаттар арқылы азаматтармен тәулік бойы байланыста болу арқылы дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері өңірде және транзиттік аймақтарда орналасқан қазақстандықтардың тізімдерін тұрақты түрде жаңартып отыруда.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Соңғы деректерге сәйкес, шиеленіс аймақтарында Қазақстан азаматтарының ең көп саны танымал туристік бағыттар, қажылық сапарлары орындары, сондай-ақ транзиттік хабтар шоғырланған жерлерде. Оның ішінде БАӘ-де шамамен 3 500 адам, САК - шамамен 3 000 адам және Қатарда 1 500-ге жуық адам.
Өңірдің басқа мемлекеттерге келсек, дипломатиялық өкілдіктердң ақпаратына сәйкес Иранда 82 Қазақстан азаматы, Бахрейнде - 168 азамат, Кувейт пен Иорданияда - әрқайсысында 134 азаматтан, Израильде шамамен 100 азамат тіркелген.
Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері өңір елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабылған. Әуе тасымалдаушылары рейстерді тоқтатуға мәжбүр болғандықтан, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері туристік компаниялармен бірлесіп азаматтарды қонақүйлерге уақытша орналастыру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, БАӘ қонақүйлерінде біздің азаматтарға жағдай тұрақталғанға дейін тұру және тамақтану қамтамасыз етілген.
Бұған дейін хабарланғандай, шиеленіс аймақтарынан қазақстандықтарды ықтимал эвакуациялау бағыттары мен шаралары пысықталуда. Қауіпсіздік мақсатында жергілікті билік органдары өз бетінше қозғалмауға кеңес береді. Эвакуациялық рейс ұйымдастырылған жағдайда бірінші кезекте қолдау шаралары халықтың неғұрлым осал санаттарына, атап айтқанда қарт адамдарға, әйелдер мен балаларға көрсетілетін болады.
Бұған дейін Тегеран қаласынан "Заркух" компаниясының өкілдерін, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының қызметкерлерін және дипломатиялық өкілдік қызметкерлерін қоса алғанда, Қазақстанның 50 азаматы шығарылды.
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның шет елдердегі мекемелері шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Ираннан көрші елдер арқылы азаматтарымызды эвакуациялауға жәрдем көрсету жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді.
Армян тарапымен Қазақстан азаматтарының Армения аумағы арқылы эвакуациялануы жағдайында Иран-Армения шекарасынан кедергісіз өту мәселесі келісілді. Арменияның сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен тұрақты байланыс сақталуда.
Осыған ұқсас жұмыс Әзербайжан тарапымен де жүргізілді, олар эвакуация мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Елдің құрлықтағы шекара өткелдеріндегі өткізу тәртібі шектеулі болғандықтан, шекарадан өту үшін арнайы рұқсат қажет.
Екі азаматтың өтініші негізінде ҚР-дың Әзербайжандағы Елшілігі Ираннан "Джульфа" бақылау-өткізу пункті (Нахчыван) арқылы кіруге жедел түрде рұқсат алды.
Түрікменстан тарапы да қазақстандық азаматтардың эвакуациясы үшін мемлекеттік шекарадан өтуге жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.
Аталған бағыттағы жұмыс үздіксіз жалғасуда, қосымша түсіндірмелер ҚР Сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі мекемелердің ресми ақпараттық ресурстары арқылы жарияланып отырады.
Жедел ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында Сыртқы істер министрлігі заманауи цифрлық құралдарды, соның ішінде Kaspi инфрақұрылымын пайдаланды. Компаниямен бірлесіп хабарламалар жүйесі жолға қойылып, өңірдегі азаматтардың мобильді құрылғыларына ресми ақпарат пен түсіндірмелердің дер кезінде жеткізілуі қамтамасыз етілді.
Өңірдегі жағдай толық тұрақтанғанға дейін азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік органдарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, тәуекелі жоғары аймақтардан аулақ болуға, сондай-ақ уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Қосымша ақпарат келіп түсуіне қарай хабарланатын болады. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі мекемелердің ресми хабарламаларын мұқият қадағалап отыруды сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 21:12 4316
Амман қаласында Қазақстан мен Иордания арасындағы экологиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Достарға айту
Иордан Хашимит Корольдігінің Қоршаған орта министрлігінде Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай аталған ведомствоның басшысы Айман Абдулла Сүлейманмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және табиғи ресурстарды орнықты басқару салаларындағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ салалық халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды талқылады.
Қазақстан Елшісі иордан тарапын 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген алдағы Республикалық референдум туралы хабардар етті. Референдумға Қазақстан Конституциясы жаңа редакциясының жобасы шығарылатыны атап өтілді. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіруге және билік институттары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталғанына назар аударылды.
Қазақстан Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсанда БҰҰ қамқорлығымен су қауіпсіздігі саласындағы жаһандық үйлестіруді нығайтуға бағытталған су ресурстары мәселелері жөніндегі мамандандырылған халықаралық құрылым құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.
Осы тұрғыда Елші Министрге "Өңірлік экологиялық саммит - 2026" іс-шарасына қатысуға ресми шақыру хатын табыс етіп, аталған жиын Қазақстанның БҰҰ Су ресурстары жөніндегі мамандандырылған құрылымын құру бастамасын ілгерілетуге бағытталған халықаралық жұмыстың бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық күн тәртібі бойынша диалогты әрі қарай дамытуға және екіжақты деңгейде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 20:11 4551
Братиславада парламенттік дипломатия мен Қазақстанның саяси жаңғыру үдерісі талқыланды
Достарға айту
Қазақстанның Словак Республикасындағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ұлттық кеңесінің депутаты Михал Бартекпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан мен Словакия арасындағы саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары қарастырылды.
Екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттары, соның ішінде парламентаралық диалогты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Қазақстан Елшісі мемлекетаралық қатынастарды нығайтудың тиімді құралы ретіндегі парламенттік дипломатияның рөлін атап өтіп, Словакия парламентінде Қазақстанмен достық тобын құру жоспарларын құптап, ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеялары жұмысына қатысу аясында екі ел парламентарийлері арасында тығыз байланыстар орнатуды қолдайтынын білдірді.Дипломат сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту басымдықтарымен таныстырды. Әңгіме барысында "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасы негізінде мемлекеттік дамудың кемел кезеңіне көшу үдерісін аяқтауға бағытталған конституциялық реформаға ерекше назар аударылды.
Словакиялық депутат реформаның тұжырымдамалық қағидаттарына, атап айтқанда бір палаталы Парламентке (Құрылтайға) көшу, Вице-Президент институтын енгізу және жалпыұлттық диалогтың жаңа платформасы - "Қазақстанның Халық Кеңесін" құру мәселелеріне қызығушылық танытты.Қазақстанда 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтетіні хабарланды.
Аталған құжат азаматтық қоғам өкілдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен ашық форматта әзірленгені аталып өтті. М. Бартек жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елдің прогрессивті мемлекет ретінде одан әрі дамуы үшін маңызды екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тұрақты диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 19:07 4981
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың мәлімдемесі
Достарға айту
Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіреді.
Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ұсынушылардың бірі ретінде қарулы қақтығыстар жағдайында адамгершілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтеді.
Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты ұстанымының өзгермейтінін растайды.
Өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тараптарды барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 18:05 4971
Қазақстан Орнықты даму мақсаттарына бейілділігін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастық негіздемелік бағдарламасының Басқарушы комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, БҰҰ агенттіктері, бағдарламалары мен қорларының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Өз сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу мемлекеттік жоспарлау жүйесіне толық енгізілгенін және Үкіметтің тұрақты ведомствоаралық бақылауында екенін атап өтті. Оның айтуынша, елде ОДМ бойынша шамамен 200 ұлттық индикатор қолданылады, бұл прогресті жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің 6,5%-ға өскенін айтып, әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты динамикасын атап өтті.
Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча елдің айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін мәлімдеді: ОДМ нысаналы көрсеткіштерінің шамамен 40%-ы орындалған немесе тұрақты іске асырылу жолында, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 18%-дан едәуір жоғары. Ол сондай-ақ жаңа Конституция жобасы бойынша жалғасып жатқан қоғамдық диалогты қоса алғанда, реформалардың дәйекті жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Мемлекет басшысы БҰҰ Қазақстан үшін халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала беретінін бірнеше рет атап өткенін айтты. Осы тұрғыда 2026-2030 жылдарға арналған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы бірлескен жұмыстың стратегиялық бағдарын айқындайтыны және БҰҰ қолдауының ұлттық даму басымдықтарына толық сәйкес келетінін жеткізді.
Д.Теменов сондай-ақ Қазақстанның бастамасымен Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығы құрылғанын еске салды. Бұл қадам даму бағытына негізделген өңірлік көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес болды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Басқарушы комитет 2025 жылғы жұмыстың нәтижелерін мақұлдап, ағымдағы жылға арналған басымдықтарды бекітті, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ арасындағы Орнықты даму мақсаттарына жету үшін стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.03.2026, 10:18Қазақстан Сыртқы істер министрі Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті 03.03.2026, 11:30 2266Ереванда экология саласындағы қазақ-армян ынтымақтастығы талқыланды03.03.2026, 12:34 2056Қазанда Жамбыл Жабаев мұрасы бойынша шығармашылық кеш өтті03.03.2026, 13:37 1856Қазақстан мен Нидерланд саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді03.03.2026, 09:03 691ТЖМ құтқарушылары газ құю станциясындағы өртті сөндірді
26.02.2026, 17:47 226856Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 226846Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:04 226786Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 23:25 226756Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 22:48 226701Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты
26.02.2026, 17:47 226856Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 226846Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:04 226786Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 23:25 226756Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 22:48 226701Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты

