02.12.2025, 21:47 5111
Қазақстан мен Кувейт қазақстандық азық түлік өнімдерін экспорттау мүмкіндіктерін талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Kuwaiti Danish Dairy Company (KDD) төрағасының орынбасары Бахия Еззат Джаафармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Қазақстандық өнімді Кувейт нарығына жеткізу мүмкіндігіне басты назар аударылды.
Кувейт тарапы еліміздің жоғары аграрлық әлеуетін атап өтіп, Қазақстанды азық-түлік өнімдерінің перспективалы және сенімді ірі жеткізушісі ретінде қарастыра отырып, Қазақстанмен әріптестік қатынастарды дамытуға қызығушылық білдірді.
Өз тарапынан Елші Қазақстан экономиканың мұнайға тәуелді моделінен дәйекті түрде алыстап бара жатқанын және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беретінін атап өтті. Ол бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігіне, экспортты кеңейтуге және Qazaq Organic Food брендін шетелдік нарықтарда ілгерілетуге ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілікті атап өтті, диалогты жалғастыруға және өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын пысықтауға дайындығын растады.
Kuwait Danish Dairy Company 1963 жылы құрылған және Кувейт пен Таяу Шығыс аймағындағы жетекші азық-түлік компанияларының бірі болып табылады. Компания сүт өнімдерінің шамамен 24 түрін, балмұздақтың шамамен 75 түрін және табиғи шырындар мен сусындардың шамамен 27 түрін шығарады. Компанияның Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінде филиалдары бар. Ішкі нарықтан басқа, оның өнімдері ондаған елдерге экспортталады, олардың құрамына Шығанақ, Таяу Шығыс, Азия және Солтүстік Америка елдерінің бөлігі кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.06.2026, 17:52 5721
Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Молдова астанасында Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесі кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты іс-шараға Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Людмила Катлабуга (екіжақты үкіметаралық комиссияның тең төрағасы), бейінді министрліктер мен ведомстволардың, жетекші іскерлік қауымдастықтардың өкілдері, Парламент депутаттары, сондай-ақ қазақстандық және молдовалық компаниялардың басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, кеңсенің ашылуы экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды кеңейту үшін қосымша институционалдық алаң болатынын жеткізді. Сонымен бірге, Елші Кеңес жүйелі ынтымақтастықты орнатуға және іскерлік бастамаларды қолдаудың тиімді тетіктерін жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
МР Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Л.Катлабуга қатысушыларды құттықтап, жаңа платформаның аграрлық сектор үшін стратегиялық маңыздылығына назар аударды. Ол Қазақстанды Молдова үшін перспективалы әрі ауқымды нарық деп атап, өзара тауар жеткізуді арттыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы озық технологиялармен алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін зор әлеует бар екенін атап өтті. Министр бұл Кеңестің екі елдің бизнесі үшін сенімді көпір болатынына сенім білдірді.
Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесінің төрағасы Тұңғат Әбілқасымов жаңа құрылымның практикалық міндеттерін айқындады. Ол кеңсенің басты мақсаты - ынтымақтастық әлеуетін нақты келісімшарттар жазықтығына көшіру екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Кеңестің кедергілерді азайту және бірлескен кәсіпорындарды іске қосуды жеделдету үшін барынша ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Ашылу рәсімі аясында қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуеті егжей-тегжейлі таныстырылды. Іскерлік топтардың өкілдері ынтымақтастық перспективаларын талқылады, ал іс-шара бірқатар екіжақты меморандумдарға қол қоюмен аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:32 581
Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі - Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:11 6856
Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты
Достарға айту
Қазақстанның Жапонияағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Токио губернаторы Юрико Коикемен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында Ю.Койке жуырда Астанаға жасаған сапары шеңберінде оған көрсеткен жылы қабылдауы үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан астанасының жаңғыруы мен қарқынды өсуінің әсерлі серпінін атап өтті. Тараптар инновацияға, цифрлық трансформацияға және "жасыл" энергетикаға деген өзара мүдделілік екі қаланың бизнесі мен институционалдық әріптестігі үшін жаңа көкжиектер ашады.
Жапон саясаткері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауымдастықтағы рөлін жоғары бағалап, жапон тарапының Астанамен барлық негізгі салаларда стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзір екенін мәлімдеді.
Елші жапон саясаткерін көптеген жылдар бойы Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын нығайтуға дәйекті ықпал етіп келе жатқан Қазақстанның мейірімді досы деп атады. Сондай-ақ, ол Токио мен Астана арасындағы ынтымақтастықты жандандыру Мемлекет басшысының 2025 ж. желтоқсандағы Жапонияға жасалған ресми сапарының практикалық нәтижелерінің бірі болғанынна тоқталды.
2025 ж. желтоқсанда қол қойылған Астана мен Токио арасындағы цифрлық даму және қала орнықтылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум қалалық ортаның сапасы мен басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатындығы ерекше аталып өтті.
Сондай-ақ Жапония астанасы үкіметінің басшысы еліміздің мемлекеттік рәміздері күніне орай Қазақстан Республикасының туын көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 16:15 9321
Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Roca Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Компаниялар тобы санитарлық-техникалық өнімдерді өндірумен айналысады. Компания ванна, санитарлық керамика, душ науалары, крандар, аксессуарлар және жиһазды қоса алғанда, жуынатын бөлме өнімдерінің толық спектрін шығарады.
Жоба сантехникалық бұйымдар мен жуынатын бөлме аксессуарларын шығаратын және құрастыратын елдегі алғашқы зауыт болмақ.
Қызылорда қаласындағы зауыттың іргетасы жақында қаланды. Жоспарланған инвестиция көлемі 44,1 млрд теңгені құрайды, өндірістік қуаты 500 000 бірлікке жетеді. Шамамен 300 тұрақты жұмыс орны құрылады.
Кездесу барысында тараптар жобаның ағымдағы жағдайы мен одан әрі жүзеге асыру жоспарларын талқылады.
Ғабидулла Оспанқұлов салық жеңілдіктерін қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары және Қазақстанның инвестициялық ахуалының артықшылықтары туралы айтты.
Келіссөздерден кейін қатысушылар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға деген міндеттемелерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 11:10 19141
Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиевтің Конго Республикасына сапары барысында үкімет мүшелерімен және іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулері өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда Конго сыртқы саяси ведомствоның басшысы Констан-Серж Бундамен, Телекоммуникация және цифрлық экономика министрі Нгема Нземен, Қаржы және бюджет министрі Кристиан Йокамен және Ұлттық қорғаныс министрлігінің Стратегиялық мәселелер және әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Жан Эме Инюмбамен келіссөздер орын алды.
Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект, телекоммуникация, энергетика, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржылық технологиялар және банк ісі саласындағы тәжірибесі мен жетістіктері Конго Республикасының ерекше қызығушылығын тудырды. Браззавиль Орталық Африканың бүкіл аймағы үшін Қазақстаннан астық пен тыңайтқыштар импорттау мүмкіндіктерін зерделеуде. Сондай-ақ конголездік жастарды Қазақстанның білім беру мекемелеріне оқуға жіберу туралы тілек білдірілді.
Браззавиль Президент Қ.Тоқаевтың БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын қолдайды. Сыртқы істер министрі К.-С.Бунда су қауіпсіздігі тақырыбы барлық елдер үшін, әсіресе Африка үшін өте маңызды мәселе екенін атап өтті.
Қазақстан Елшісінің Конго Республикасына сапары конголездік бизнестің жетекші өкілдерінің бірі, көпсалалы компанияның Бас директоры Серж Муйимен өткен кездесумен аяқталды. Туризм және сауда салаларындағы, атап айтқанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберіндегі бизнес-ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Барлық сұхбаттасушылар екі елдің стратегиялық маңызды географиялық жағдайы бар екенін және аймақтық хабтар болып табылатынын, оларды Орта дәліз және Пуэнт-Нуар теңіз порты арқылы байланыстыру сауда-экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте алатынын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 10:50 19856
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Қазақстанға мамырдың соңы - маусымның басында жүзеге асырылған ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзидің, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньциннің, ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның, сондай-ақ ҚХР-дың Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лидің сапарларының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, сұхбаттасушылар 2026 жылы жоспарланған алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін жеке талқылады.
Кездесудің соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрілігі мен Қытай Елшілігі арасында тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 19:49 47771
Қазақстан Иллинойс штатымен іскерлік байланыстарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Иллинойс штатына жұмыс сапары аясында ҚР-дың Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың іскер топтарының өкілдерін біріктірген Central Asia Business Expo Chicago 2026 (CABXPO) халықаралық бизнес-форумына қатысты. Аталған форум сауда, инвестициялар, инновациялар және халықаралық кәсіпкерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында логистика, қаржылық және заңгерлік қызметтер, цифрлық технологиялар, консалтинг және басқа да салаларда АҚШ-та табысты қызмет атқарып жүрген қазақстандық кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Отандық кәсіпкерлер Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып, іскерлік байланыстарды дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал етуде.
Форум аясында ҚР-дың Бас консулы Р.Тлеулин Иллинойс штатының мемлекеттік және іскерлік құрылымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Олардың қатарында Иллинойс штатының Қаржы бақылаушысы С.Мендоза, Иллинойс штатының Сауда және инвестициялар жөніндегі кеңсесінің директоры М.Маркопулос, World Business Chicago ұйымының бизнесті дамыту жөніндегі атқарушы вице-президенті Д.Андухар-Редман және америкалық іскер топтардың өзге де өкілдері болды.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, америкалық компанияларды Қазақстандағы жобаларды іске асыруға тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан мен Иллинойс штаты арасындағы өңіраралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Өткізілген кездесулер жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік беріп, сауда, инвестициялар, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, логистика, цифрлық технологиялар және инновациялар салаларындағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілікті растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 19:27 47976
Италияда Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Римде "Қазақстандағы конституциялық реформалар" атты тақырыпта еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге арналған семинар өтті. Италияның Азияны зерттеу институты ұйымдастырған іс-шараға Италия Парламентінің депутаттары, Сыртқы істер министрлігі басшылығының өкілдері, сарапшылар, журналистер, дипломаттар мен студенттер қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шарада Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев сөз сөйлеп, қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі қырлары мен елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Елші осы жылғы 1 шілдеден бастап жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Халық Конституциясы ресми түрде күшіне енетінін атап өтті. Осылайша, еліміз өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне қадам басады.
Жаңа Конституция Қазақстанның саяси өмірінде түбегейлі өзгерістерді көздейді, елді жасанды интеллект дәуірінің талаптарына бейімдейді. Конституциялық реформаның маңызды ерекшелігі - бір палаталы Парламентке көшу. Заң шығарушы биліктің құрылымын кең ауқымды трансформациялау бюрократиялық кедергілерді жоюға және шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге бағытталған", - деп атап өтті Е.Сембаев.
Қазақстандық дипломат сондай-ақ елдің қазіргі даму кезеңі нақты реформалардан экономика мен мемлекеттік басқарудың жүйелі жаңғыруына өтуімен сипатталатынын айтты. Осы саясаттың ортасында - болжамды іскерлік ортаны қалыптастыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау, шикізаттық емес секторларды дамыту және халықаралық экономикалық серіктестікті тереңдету жатыр. Осы тұрғыда Италия Қазақстан үшін маңызды серіктес.
Итальяндық бизнес өнеркәсіпте, инженерияда, логистикада, өңдеу технологияларында және өндірістік шешімдерді дамытуда мықты орындарға ие. Біз мұнайгазхимия, көлік дәліздері, ауыл шаруашылығы, индустриялық ынтымақтастық, тұрақты жеткізу тізбектері, сирек жер металдары және энергетикалық ауысумен байланысты заманауи шешімдер сияқты бағыттарда Қазақстан-Италия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеует көріп отырмыз", - деді Е.Сембаев.
Қазақстандағы реформаларға қатысты өз ойларымен Италия Сенатының депутаты Антонио Тревизи, Орталық Азиямен байланыс жөніндегі Еуропалық парламент делегациясының төрайымы Джузи Принчи, Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігіндегі "Италия - Орталық Азия" министрлік кездесуінің үйлестірушісі Федерико Фаилла, Италияның Азияны зерттеу институтының президенті Марио Моргони, "CFive - Astana" талдау орталығының президенті Сапарғали Шалғымбаев және басқалар бөлісті. Спикерлердің пікірінше, Қазақстандағы реформалар мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырды. Бүгінгі таңда Қазақстанның шетелдік серіктестердің алдындағы басты құндылығы - бұл болжамдылық, тұрақты даму және институционалдық тұрақтылық. Тәуелсіз институттардың болуы және түсінікті ережелер елді шетелдік инвесторлар мен халықаралық серіктестер үшін тартымды етеді.
Сенатор А.Тревизи атап өткендей, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ең маңызды қыры - өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жаңғырту. Осы тұрғыда "Made in Italy" технологиялары Қазақстанда жоғары бағаланады. Заманауи жабдықтар мен инновациялар Қазақстан өнеркәсібін нығайтуға және тиімді логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ете алады.
Өз кезегінде, Орталық Азиямен байланыс жөніндегі Еуропалық парламент делегациясының төрайымы Дж.Принчи ЕО-ның Қазақстанмен сауда, инвестициялар, маңызды табиғи ресурстар, энергетикалық қауіпсіздік, "жасыл" экономика сияқты салалардағы табысты серіктестік тұрғысында елде жүргізіліп жатқан реформаларды мұқият бақылап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және елдің саяси және экономикалық жүйелерін жаңғырту мақсатында кешенді институционалдық және конституциялық өзгерістер жолына түсті.
Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі жанындағы "Италия - Орталық Азия" министрлік кездесуінің үйлестірушісі Ф.Фаилла Қазақстандағы конституциялық реформалар елдің қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделуінің көрсеткіші және оның белсенді өсуінің айғағы екендігін атап өтті.
Италияның Азияны зерттеу институтының президенті М.Моргонидің пікірінше, Қазақстанның ауқымды және өршіл реформаларды жүргізу тәжірибесі қызығушылық тудырады және құрметке лайық, себебі олар өз даму моделін өз бетінше іздеп, біртіндеп заманауи демократиялық институттарды дамытып жатқан күрделі көпұлтты елде жүзеге асырылып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.06.2026, 10:50ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды 05.06.2026, 11:10 18496Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады05.06.2026, 16:15 8676Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда05.06.2026, 17:11 6211Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 17:52 5076Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін
29.05.2026, 20:02 116161Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті29.05.2026, 20:26 115406Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды29.05.2026, 21:20 115131Қазақстан мен Еуропалық Одақ әріптестікті тереңдетудің жаңа стратегиялық мақсаттарын айқындады29.05.2026, 14:51 115046Қазақстан Шаңхайда туристік әлеуетін таныстырды29.05.2026, 19:59 114556Қазақстан мен Ресей биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық консультациялар өткізді
13.05.2026, 07:10 289276Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 276976Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250446Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243416Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 242786Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

