28.01.2026, 19:28 4786
Қазақстан мен Кувейт цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Ержан Елекеевтің Кувейттің Коммуникациялар және ақпараттық технологиялар саласындағы реттеу басқармасының (CITRA) төрағасы Халед Әл-Замельмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллектті, электрондық үкіметті және цифрлық мемлекеттік сервистерді дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасындағы цифрлық трансформацияның басымдықтары, электрондық үкіметтің экожүйесін дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект және "ақылды" технологиялар саласындағы ұлттық бастамалар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, CITRA басшылығы қазақстандық тәжірибені зерделеуге және аталған бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды жолға қоюға қызығушылық білдірді.
Тараптар а.ж. 4-5 ақпанында Кувейтте өтетін Цифрлық ынтымақтастық ұйымының (Digital Cooperation Organization) 5-ші Бас Ассамблеясы шеңберіндегі күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сараптамалық тәжірибе алмасуға және цифрлық экономика саласындағы әріптестікті дамытуға өзара мүдделілікті растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.01.2026, 12:40 4026
Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы іскер топтарының өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиядағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Рияд қаласы Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы, "Obeikan Investment Group" компаниясының Бас атқарушы директоры Абдалла Әл-Обейканмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясының іскер топтары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.
М.Меңілбеков Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал, шетелдік инвесторларды қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар туралы ақпарат беріп, елдің Орталық Азия мен Еуразия нарықтарына шығуға арналған өңірлік хаб ретіндегі әлеуетін атап өтті.
Өз кезегінде, А.Әл-Обейкан екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдіріп, бизнес-миссиялар мен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған алдағы қадамдар туралы келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 11:37 4351
Қазақстан СІМ-де халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы Өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевичті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Б.Милошевич ХҚКК-ның гуманитарлық миссиясын жүзеге асыруға көрсетіліп жатқан тұрақты қолдауы үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Ол еліміздің Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ілгерілетудегі жұмысын, сондай-ақ гуманизм құндылықтарын қорғауға, орнықты даму мақсаттарын, өңірлік және халықаралық алаңдарда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Е.Ашықбаев Қазақстанның ХҚКК-мен тығыз ынтымақтастыққа бейілдігін және халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының толық сақталуын қамтамасыз етуге, ұжымдық этикалық және заңдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жаһандық күш-жігерге одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Сұхбаттастар Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманының аясындағы одан әрі болатын іс-қимылдарды, сондай-ақ 2026 жылдың соңында Иорданияның Амман қаласында өтетін Соғыс кезіндегі гуманизм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық мәселелерін талқылады.
Тараптар Қазақстан мен ХҚКК арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екендіктерін растады.
ХҚКК - соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апаттар құрбандарына көмек көрсетуді негізгі мақсаты еткен тәуелсіз үкіметтік емес ұйым. ХҚКК 1992 жылдан бері Орталық Азияда жұмыс істеп келеді, Өңірлік өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан. 2019 жылы ХҚКК Миссиясы Астана қаласында өз өкілдігін ашты.
Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка тарапынан Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен бірлесіп іске қосылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 23:34 4571
Қазақстан және Халықаралық Валюта Қоры: Қазақстанның Таяу Шығыс елдерінің азық-түлік қауіпсіздігіне үлесі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Ержан Елекеев Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс экономика және қаржы орталығының (IMF CEF) директоры Сами Бен Насермен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар әлемдік экономикадағы ағымдағы үрдістер мен сын-қатерлер туралы пікір алмасты, сондай-ақ жаһандық тұрақсыздық жағдайында тұрақты экономикалық өсуді және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.
Талқылау шеңберінде қазақстандық тарап агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өнімдерін экспорттау және ауыл шаруашылығы тауарларын тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы елдің әлеуетін таныстырып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы сенімді әріптес ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.
Кувейтте азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне және Қазақстанның Таяу Шығыс елдерінің, оның ішінде Кувейттің азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосатын үлесіне арналған бірлескен сараптамалық іс-шараны өткізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар ынтымақтастықты дамытуға, сараптамалық диалогты жалғастыруға және бейінді ведомстволар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарын пысықтауға өзара мүдделілік білдірді.
Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс экономика және қаржы орталығы (IMF CEF) - Кувейтте орналасқан экономикалық саясат пен қаржылық басқару саласында 22 араб мемлекетіне қолдау көрсететін аймақтық орталық. Орталық экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және өңір елдерінің институционалдық әлеуетін дамытуға ықпал ете отырып, оқытумен, тәжірибе алмасумен және сараптамалық қолдаумен айналысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 22:54 6306
Қазақстан - Таиланд: сараптамалық диалогқа жаңа серпін
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Король Праджадипок институтының (King Prajadhipok’s Institute, KPI) Бас хатшысы Иссара Сириваттханавутпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Институт Таиландтағы демократия, конституционализм, саяси үдерістер және тиімді мемлекеттік басқару салаларындағы зерттеулер бойынша жетекші ұлттық орталық болып табылады. Аталған мекеме ел мен провинциялар басшылығы үшін білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарын белсенді жүзеге асырады, ғылыми зерттеулер мен консультациялық қызмет жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, парламенттік құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.
Кездесу барысында тараптар мемлекеттік басқару, қоғамдық даму, парламентаризм және орталық мемлекеттік органдар (ОМО) мен жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) үшін кадр даярлау салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Таиландтың бейінді ғылыми-білім беру және талдау құрылымдары арасында әріптестік байланыстар орнату мүмкіндіктерін талқылады.
Әңгіме барысында қазақ дипломаты Таиланд тарапына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы қаңтарда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде айқындалған саяси жаңғыртудың негізгі басымдықтары туралы жан-жақты баяндады. Елші реформалардың "Әділетті Қазақстанды" құруға, "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ Елші Мемлекет басшысының Конституциялық комиссия құру жөніндегі шешімін ерекше атап өтті. Бұл комиссия мемлекеттік құрылымды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды жүйелі түрде жинақтап, конституциялық өзгерістер пакетін әзірлеп, оны кейін жалпыұлттық референдумға шығаруды көздейді.
М.Баймұхан елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің қайтымсыз екенін және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған тиімді, ашық мемлекет қалыптастыруға, сондай-ақ орнықты демократиялық институттарды одан әрі дамытуға бағытталғанын ерекше подчеркеді.
Қазақстан Таиланд Корольдігінің бейінді институттарымен практикалық әрі мазмұнды ынтымақтастыққа ашық. Сарапшылар алмасу, бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламалары елдеріміздің кадрлық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қоса алады", - деді М. Баймұхан.
Өз кезегінде Бас хатшы И. Сириваттханавут Қазақстанның ғылыми-білім беру және талдау ұйымдарымен әріптестік байланыстар орнатуға қызығушылық білдіріп, салыстырмалы зерттеулер жүргізу, парламенттік қызмет тәжірибесімен алмасу, демократия институттарын дамыту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бағыттарында ынтымақтастық үшін әлеуеттің жоғары екенін атап өтті.
Тараптар бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу, сарапшылар мен білім беру бағдарламалары тыңдаушыларын алмастыру, сондай-ақ ортақ зерттеу жобаларын іске асыру сияқты ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша KPI Бас хатшысының Қазақстанға сапарын пысықтау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сапар аясында мемлекеттік органдармен, ғылыми-білім беру және талдау құрылымдарымен мазмұнды кездесулер өткізу, сондай-ақ практикалық өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындау көзделеді.
Королі Праджадипок институты (King Prajadhipok’s Institute, KPI) Таиландтағы демократиялық даму, парламентаризм және заманауи мемлекеттік басқару саласындағы негізгі ұлттық орталықтардың бірі. Институт Парламент пен мемлекеттік органдар үшін жетекші сараптамалық-талдамалық және білім беру алаңы рөлін атқарады, қолданбалы зерттеулерді, ұсынымдар әзірлеуді және кадр даярлауды ұштастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 21:49 6536
Қазақстан мен халықаралық діни ұйымдар Африка одағы аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі, Қазақстанның Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаев "Біріккен діндер бастамасы" (URI) халықаралық ұйымының Африка бойынша Өңірлік директоры, Африка одағы мен БҰҰ-ның Африкадағы бөлімшесі жанындағы өкілі Елші Мусси Хайлумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда ұсынған негізгі бастамалары талқыланды. Қазақстанның заң шығарушы билік тармағын трансформациялауды, Вице-президент лауазымын енгізуді және ұлттық-азаматтық бірегейлікті нығайтуды көздейтін жаңа саяси модельге көшуіне ерекше назар аударылды.
М.Хайлу Қазақстанның "рухани дипломатияны" дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол Қазақстанның қағидаттары "Біріккен діндер бастамасының" миссиясымен толық үндесетінін атап өтті.
Сұхбат барысында Өңірлік директор Қазақстан Президентінің бастамаларына қатысты шолуын ұсынып, түрлі халықаралық платформаларда, соның ішінде Африка одағы аясында бірлескен іс-шаралар өткізу перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, тараптар 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің қорытындыларына, Астана декларациясының қағидаттарын ілгерілетуге және конфессияаралық ынтымақтастықтың алдағы жоспарларына тоқталды.
Кездесу соңында Ж.Әділбаев Қазақстан үйлесімді халықаралық қоғамдастық құруға ықпал ете отырып, мәдениеттер мен діндерді жақындастыру бағытындағы белсенді жұмысын жалғастыра беретінін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 20:28 7101
Норвегияда Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Осло қаласында "Doing business in Kazakhstan" атты бизнес-семинар өтті. Іс-шара Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі тарапынан Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы (EAST Chamber of Commerce and Industry of Norway) мен Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының (Confederation of Norwegian Enterprise - Næringslivets Hovedorganisasjon, NHO) қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шарада қазақ тарапынан Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, ал норвег тарапынан Норвегияның Қазақстандағы Елшісі Хелен Санд Андресен, "EAST CCI of Norway" директорлар кеңесінің төрағасы Ронни Солберг және Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының халықаралық департаментінің аға кеңесшісі Катарина Сетерсдаль сөз сөйледі.
Семинарға Норвегия Сыртқы істер министрлігінің, Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының, Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасының, Норвегияның экспорттық қаржыландыру агенттігінің (EKSFIN), түрлі саладағы норвегиялық компаниялардың, сондай-ақ Норвегияда аккредиттелген шет мемлекеттердің Елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында конференцияға қатысушылар соңғы екі жылда Қазақстан мен Норвегия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жандануын оң бағалады.
Норвегиялық семинар қатысушылары Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетінің таныстырылымын жоғары бағалады және "нетворкинг" аясында бірқатар бірлескен әлеуетті жобаларды іске асыруға бастама көтерді.
Іс-шара қорытындысы бойынша екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі келесі қадамдар туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, оның ішінде 2026 ж. мамыр айында Астана қаласында Іскерлік кеңесінің II отырысын өткізу көзделіп отыр.
Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы (EAST Chamber of Commerce and Industry of Norway "Østhandelskammeret") - Норвегия мен Қара теңіз және Каспий өңірі елдері арасындағы халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған коммерциялық емес ұйым.
Норвегия кәсіпорындары конфедерациясы (Confederation of Norwegian Enterprise - Næringslivets Hovedorganisasjon, NHO) - Норвегиядағы жұмыс берушілер мен бизнес өкілдерінің ең ірі ұйымы.
2024 ж. желтоқсанда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы ("EAST CCI of Norway") арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды.
2025 ж. сәуірде Осло қаласында Қазақстан-Норвегия қатынастары тарихында алғаш рет екіжақты Іскерлік кеңестің отырысы өтті.
2025 ж. мамырда соңғы жылдарда алғаш рет құрамында 11 адамнан тұратын норвегиялық ірі делегация Қазақстанға сапармен барды, сондай-ақ "Astana International Forum 2025" форумына қатысты.
Қазақстан мен Норвегия арасындағы тауар айналымы 2025 ж. қаңтар-қарашада 156,7 млн долл. құрды (экспорт 7,1 млн долл., импорт 149,6 млн долл.), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға жоғары (118,5 млн долл.).
2025 ж. желтоқсанда норвегиялық "Optimar" компаниясы аквамәдениет саласында ірі келісімшартқа қол қойып, Қазақстандағы жаңа балық өсіру жобасына арналған жабдықтарды жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 19:24 8441
Марокко Қазақстанның прагматикалық саясаты мен құрылымдық реформаларын жоғары бағалайды
Достарға айту
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызын Марокко Королінің Экономика және өркениеттер диалогы мәселелері жөніндегі бас кеңесшісі Андре Азуле қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың дамуы және екі елдің стратегиялық мүдделерінің сәйкес келетінін атап өтті. С.Сайлауқызы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Қазақстандағы ауқымды конституциялық реформалар туралы мәлімет берді.
Марокколық тарап Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында конфессияаралық диалогтың жаһандық алаңы ретіндегі рөлін ерекше атап айтты. Елші Қазақстан мен Марокко арасындағы өркениетаралық өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығына тоқтап, 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өткен VIII Съездің қорытындыларымен таныстырды.
Корольдің кеңесшісі Қазақстанға тәнті қарайтынын және қазақстандық сыртқы саяси бағыт пен саяси жаңғырту тәжірибесіне жоғары баға беріп, жүргізіліп жатқан реформалардың прагматизмі мен теңдестірілгендігін атап өтті. Ол сондай-ақ бейбітшілікті сақтау, төзімділік, мәдениеттер мен өркениеттер диалогы мәселелері бойынша Астана мен Рабаттың ұстанымдарының тұжырымдамалық ұқсастығына назар аударды.
Осы тұрғыда тараптар Астананың "Ибраһим келісімдеріне" қосылу шешімі, сондай-ақ жақында Қазақстан мен Марокконың АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамасымен құрылған "Бейбітшілік кеңесіне" қосылуы қазақстандық-марокколық ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
А.Азуле жаһандық фрагменттеу және өркениетаралық қарама- қайшылықтар кезеңінде Әл-Фарабидің интеллектуалдық және философиялық мұрасының өзектілігін атап, ұлы ойшылдың идеяларын әлемдік деңгейде насихаттау жөніндегі Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасына жоғары баға берді.
Сонымен қатар, кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері және саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту перспективалары талқыланды. Қазақстан Сыртқы істер министрі мен Парламенті Мәжілісі төрағасының 2025 жылы жасаған сапарларының қорытындылары бойынша келісімдерді жүзеге асыруға, оның ішінде өзара сауда көлемін арттыруға, оңтайлы құрлықаралық көлік-логистикалық бағыттарды құруға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске қосудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 18:29 28151
"Орталық Азия - Германия" форматының аға лауазымды тұлғалары одан арғы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов "Орталық Азия - Германия" форматы аға лауазымды тұлғаларының отырысына қатысты. Іс-шараға Германия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан СІМ басшылары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырысқа қатысушылар сауда-экономикалық, көлік, экологиялық және гуманитарлық салалардағы өңірлік қарым-қатынастардың жай-күйін және оларды одан ары күшейту әлеуетін нақты талқыға салды.
А.Исетов өз сөзінде "Соңғы жылдары Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта орнықты даму мен елдердің өзара байланыстылығын арттыру шеңберіндегі ынтымақтастықтың жаңа бастамаларға арналған басым бағыттары айқындалды", - деп атап өтті.
Отырыс соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс қарым-қатынастарын жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.01.2026, 11:37Қазақстан СІМ-де халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды 29.01.2026, 12:40 4371Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы іскер топтарының өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды
27.01.2026, 16:57 70311Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады27.01.2026, 11:55 69581Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады27.01.2026, 09:48 60341Астанада көрнекті қазақ дипломаты Нәзір Төреқұловты еске алуға арналған салтанатты жиын өтті26.01.2026, 21:46 51656Ыстанбұлда Қазақстанның инвестициялық, экспорттық және туристік әлеуеті таныстырылды26.01.2026, 20:38 45391Қазақстан мен Түркия медиасаладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ниетті
21.01.2026, 10:52 216326Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216281Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2148862025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді20.01.2026, 22:18 212766Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті20.01.2026, 18:14 208326Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады

