23.06.2026, 16:22 1586
Қазақстан мен Моңғолия іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүдделі
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан мен Моңғолия сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуда, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
QazExportPromotion" АҚ мен моңғолиялық "MAКС Group" компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат Моңғолияда Серіктестік кеңсесін құруды көздейді. Бұл кеңсе қазақстандық экспортты ілгерілетуге, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған тұрақты алаңға айналады.
Кеңсе қазақстандық тауарларды ілгерілетуге, сенімді серіктестерді іздеуге, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге, салалық көрмелер мен таныстырылымдарды ұйымдастыруға, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.
Ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Моңғолия нарықтарына шығуға мүдделі компанияларға практикалық қолдау көрсетуге, өзекті іскерлік ақпарат алмасуға, сауданың перспективалы бағыттарын айқындауға және бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.
Меморандумға қол қою қазақстан-моңғол экономикалық әріптестігін дамытудағы маңызды қадам болды және тараптардың сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.06.2026, 17:06 366
Қазақстан мен Бельгия Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін нығайту мәселесін талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге ресми сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Бельгияның Сыртқы істер министрі Максим Превомен келіссөздер өткізді. Тараптар Қазақстан-Бельгия қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалап, саяси диалогты жан-жақты дамыту, сауда-экономикалық және гуманитарлық қатынастарды жан-жақты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Тараптар көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін нығайту мәселелеріне бөлек назар аударды. Министр Е.Көшербаев Қазақстанның бірлескен жобаларды іске асыру және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екендігін атап өтті.
Келіссөздер барысында білім беру және ғылым салаларындағы ынтымақтастықтың, екі елдің жетекші университтері мен зерттеу орталықтары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуеті де атап өтілді. Бельгия тарапынан KU Leuven, Ghent University және IMEC (Interuniversity Microelectronics Centre) университетаралық орталығы әріптестікті дамытуға қызығушылық танытуда.
Сонымен қатар, тараптар көпжақты алаңдардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бельгия Қазақстанның мемлекетаралық деңгейде де, Еуропалық одақпен өзара іс-қимыл аясында да маңызды серіктесі болып табылады. Брюссель еліміздің экономикасына инвестиция салатын он ірі инвестордың қатарына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі жарты миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін елеулі әлеуеттің бар екенін көрсетеді", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және басым салалардағы бірлескен бастамаларды іске асыруға деген өзара мүдделілік расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 16:45 1686
Бельгия Королі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Достарға айту
Бельгия Королі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихындағы алғашқы мемлекеттік сапар болып табылады, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу барысында.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, Бельгияны Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі серіктестерінің бірі деп атады. Оның айтуынша, экономикалық ынтымақтастықтың қарқыны өзара байланысты одан әрі дамытуға зор мүмкіндік бар екенін көрсетіп отыр.
Бельгия соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 15 миллиард АҚШ долларына жетіп, елімізге инвестиция құятын жетекші он мемлекеттің қатарына кіреді.
Өзара сауда көлемі де тұрақты өсіп, өткен жылы 580 миллион АҚШ долларынан асып жығылған.
Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 110-нан астам компания табысты жұмыс істеп келеді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымыздың айқын көрінісі", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Премьер-министр Барт де Вевер Бельгияның екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге және стратегиялық әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 12:47 4191
Эстония екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдетуге ықпал ететін жобаларды қолдауға қызығушылық танытуда
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов "Эстония-Қазақстан" парламентаралық достық тобының мүшелері, Эстония Парламентінің депутаттарымен кездесті. А.Көлгінов депутаттарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан саяси жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді, институционалдық реформаларды және Парламенттің бір палаталы құрылымына көшуді көздейтін Қазақстанның жаңартылған Конституциясының алдағы уақытта күшіне енетіндігіне назар аударылды. Эстония тарапы еліміздің саяси архитектурасын жаңартудың орталық элементтерінің бірі ретінде Қазақстандағы бір палаталы парламент жүйесіне көшуге ерекше назар аударды.
Тараптап парламентаралық өзара іс-қимылды саяси, экономикалық және мәдени салаларда сенімді нығайтудың, тәжірибе алмасудың және бірлескен бастамаларды ілгерілетудің маңызды құралы ретінде дамытуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар департаментінің Бас директоры Пинсуда Джаянамамен кездесті.
Тараптар көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 20:38 19121
Қазақстанға ЕО-ға мүше мемлекеттерден тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асқан
Достарға айту
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстылықты нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағытының перспективалары мен стратегиялық әлеуеті" атты бизнес-конференция ұйымдастырылып, Еуропалық комиссияның, Еуропалық парламенттің, халықаралық қаржы институттарының, көлік-логистика компанияларының, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақтың іскер топтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар үшін стратегиялық маңызына арналған бірінші сессиясында А. Исетов Қазақстан мен Еуропалық Одақты ондаған жылдарға созылған сенімді диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.
Қазақстандық дипломат бүгінде ТХКБ дәстүрлі транзиттік дәліз шеңберінен шығып, Орталық Азия мен Еуропаның мүдделеріне қызмет ететін ауқымды геоэкономикалық жобаға айналуда екеніне тоқталды. Жаһандық жеткізу тізбектерінің трансформациясы және сенімді әрі әртараптандырылған бағыттарға сұраныстың артуы жағдайында Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы ашық, орнықты және өзара тиімді байланыстылықты дамыту бағытын дәйекті түрде қолдап келеді.
ТХКБ-ны Еуропалық Одақтың "Global Gateway" бастамасымен ұштастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және логистикалық үдерістерді жетілдіру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашатыны аталып өтті.
Аталмыш іс-шара қорытындысы бойынша көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға және аталған бағыттағы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қою рәсімі өтті.
Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығы қарсаңында екіжақты қатынастар тұрақты оң серпін көрсетуде. 2025 жылы өзара сауда көлемі 45,1 млрд АҚШ долларына жетсе, ЕО-ға мүше мемлекеттерден тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 20:36 19556
Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды. Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді., деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Сондай-ақ, сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 19:36 20016
Қазақстан Азия мен Африкадағы серіктестермен ынтымақтастықты жандандыруда
Сурет: СІМ
Достарға айту
Өткен аптада Қазақстан дипломаттары Вьетнам, Оңтүстік Корея және Мароккодан келген серіктестермен бірқатар кездесулер өткізіп, стратегиялық әріптестікті дамытуды, инвестициялар тартуды және бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Нгуен Тхань Леден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Кездесу барысында тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен өзара сапарлар кестесіне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылады.
Ә.Қуантыров Қазақстанның Вьетнаммен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін және сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Тараптар көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды, ең алдымен БҰҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Кездесу соңында министрдің орынбасары вьетнамдық дипломатқа Қазақстандағы жұмысына табыс пен сәттілік тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 18:26 20421
Кабулда су ресурстарын басқару жөніндегі алғашқы Қазақстан-Ауған орталығы ашылды
Сурет: ҚР Үкіметі
Достарға айту
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Кабул университеті арасында су ресурстарын басқару мен ирригация, климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығын орнықты дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша ниеттестік туралы тиісті келісім жасалды. Құжатқа вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапары шеңберінде қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.
Орталықты Кабул университетінің базасында құру жоспарланған. Бұл - су ресурстары, ирригация, орнықты ауыл шаруашылығы саласындағы алғашқы оқу-зерттеу мекемесі. Жаңа орталық маман даярлау, білім алмасу, бірлескен зерттеу жүргізу мен су-аграрлық секторда заманауи шешімдер енгізудің тәжірибе алаңына айналады. Қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар білім беру бағдарламалары мен ғылыми сүйемелдеу жүргізеді.
Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумында сөз сөйлеген Серік Жұманғарин су дипломатиясы, су ресурсын ұтымды пайдалану мен осы саладағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне Қазақстан ерекше назар аударатынын атап өтті.
Орталық су қауіпсіздігі, орнықты ауыл шаруашылығы, климаттық бейімделу, экологиялық мониторинг пен азық-түлік қауіпсіздігі бағытын біріктіретін университетаралық зерттеу платформасы ретінде дамиды деген болжам бар. Кешенді тәсіл аймақтың орнықты дамуы үшін тәжірибелік шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.
Кабул университеті - Ауғанстандағы 1932 жылы құрылған ең көне, ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны. Университетте 22 факультет, пәнаралық ынтымақтастыққа арналған ауқымды академиялық база бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 16:24 24266
Қазақстан мен Ауғанстан қауіпсіздік, азот зауыты және кинология салаларында бірқатар келісімдер жасады
Достарға айту
Қазақстандық мамандар Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласындағы азот өндіретін зауытты жаңғырту жұмыстарына қатысуы мүмкін. Бұл мәселе Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның Ішкі істер министрі Сираджуддин Хаккани арасындағы Кабулдағы кездесуде талқыланды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық инженерлер кәсіпорынға барып үлгергені хабарланды. Келесі кезеңде зауытқа техникалық тексеру жүргізіліп, қажетті жұмыстардың көлемі мен олардың құны анықталмақ.
Қазақстандық компаниялар өндірісті жаңғыртуға, жабдықтарды жеткізуге және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, екі тарап жобаны қаржыландыру, логистика және нысанда жұмыс істейтін мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ауғанстан қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты да қарастырды. Серік Жұманғариннің айтуынша, екі елдің тиісті ведомстволары трансұлттық қылмысқа, оның ішінде есірткі бизнесі мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекеттестікті пысықтап жатыр. Қазақстан тарапы осы бағыттағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, тараптар кинологтарды даярлау мәселесіне де ерекше назар аударды. Қазақстан Алматыдағы ІІМ Кинологиялық орталығы базасында ауған мамандарын оқытуды ұсынды. Биыл бес кинологты даярлау, ал келесі жылы ауған тарапына бес қызметтік ит беру жоспарланып отыр.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Ауғанстан сауда, көлік және инвестиция мәселелерін де талқылаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.06.2026, 09:45Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан жерлестерімізбен кездесті 23.06.2026, 10:30 27376Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы23.06.2026, 11:47 23256Қазақстан "Бір белдеу, бір жол" бастамасын дамытудың жаңа бағыттарын ұсынды23.06.2026, 12:04 22731ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды23.06.2026, 12:15 21906Жәннат Дүбірова Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды
17.06.2026, 17:32 150876Emirates әуе компаниясы Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты19.06.2026, 18:40 148581Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді19.06.2026, 19:07 147561Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді19.06.2026, 16:49 147366Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары17.06.2026, 17:12 145436Еліміздің СІМ АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталған жерлесімізге қатысты пікір білдірді
06.06.2026, 12:47 177166Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171926СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 166071Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162151Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды01.06.2026, 16:33 152711СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді

