30.01.2026, 09:53 2736
Қазақстан мен Польша өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерінің кең ауқымы бойынша ұстанымдарын салыстырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Польшаның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл және мәдени-гуманитарлық байланыстар мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.
Қазақстан Польшаны Еуропалық одақтағы маңызды саяси әрі экономикалық әріптес ретінде қарастырады және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі", - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов.
Өз кезегінде Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Войцех Зайончковский Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктес екенін атап өтіп, өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.
Дипломаттар сауда-экономикалық блокқа ерекше назар аударып, өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі ұлғайту үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, 2025 жылдың 11 айында өзара тауар айналымы 1,1 млрд АҚШ долларын (+6%) құрады, оның ішінде экспорт - 496,3 млн АҚШ доллары (+10,2%), импорт - 605,9 млн АҚШ доллары (+2,7%). Қазақстан аумағында шамамен 150 поляк компаниясы қызмет атқарады. 2005 жылдан бері Польша тарапынан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 600 млн АҚШ долларынан асты. Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары қатарында энергетика, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, білім беру және IT салалары бар.
Сонымен қатар тараптар сауда-экономикалық байланыстарды дамытудағы негізгі құрал болып саналатын Үкіметаралық комиссияның алдағы отырысына дайындық барысын қарастырды.
Бұдан бөлек, дипломаттар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға бейілділігін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.01.2026, 22:28 271
Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы - Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі - Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен отырыстарындағы талқылау барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады.
Комиссия мүшелері жаңа преамбуланың, бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болатынын атап өтті. Осыған байланысты Комиссия мүшелері аталған жобаны Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастыру және оны халықтың назарына ұсыну үшін жариялау қажет екенін жеткізді. Өз кезегінде Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.
Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған.
Мемлекет басшысы Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.
Кездесу соңында Президент жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтынын тағы да атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2026, 22:19 566
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің ағымдағы мәселелерін талқылап, дәстүрлі достық пен серіктестікке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға деген өзара мүдделілікті растады.
Қазақстан СІМ басшысы екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты орнаған байланыстарға қанағаттанушылық білдіріп, сімаралық саяси консультациялар мен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тетіктері екенін атап өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты ("Орта дәліз") аясындағы жобалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің тұтас кешені бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2026, 21:16 766
Афина энергетикалық саммитінде Қазақстанның энергетикалық басымдықтары мен реформалары таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин 3000-нан астам мемлекеттік органдардың, энергетикалық компаниялардың, халықаралық ұйымдардың, талдау орталықтарының және дипломатиялық корпустың өкілдерін біріктірген "Athens Energy Summit - 2026" халықаралық форумының жұмысына қатысты. Форумға Грекияның Қоршаған орта және энергетика министрлігінің, Еуропалық комиссияның, Халықаралық энергетикалық агенттіктің өкілдері, сондай-ақ жетекші энергетикалық компаниялар мен салалық қауымдастықтардың басшылары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде Елші энергетиканың Қазақстанның орнықты дамуының негізгі элементі әрі жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі екеніне тоқталды. Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтардың тұрақтылығы мен болжамдылығын дәйекті түрде қолдайтыны және күрделі геосаяси әрі климаттық сын-қатерлер жағдайында Еуропа үшін сенімді және жауапты әріптес болып қала беретіні аталып өтті.
Т.Сұлтанғожин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысы барысында елдің энергетикалық саясатын жаңғыртудың басым бағыттарын айқындағанын хабарлады. Олардың қатарында дәстүрлі көмір және газ генерациясын дамыту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ энергия ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыру, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) ілгерілету.
Сөз барысында энергетикалық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елші энергетикалық нысандардың тұрақтылығы мен қорғалу деңгейі үздіксіз жеткізілімдерді және халықаралық нарықтардың тұрақтылығын сақтау үшін шешуші мәнге ие екенін атап өтті.
Қазақстанның көмір қоры мен өндіру көлемі, сондай-ақ уран өндірісі бойынша әлемде жетекші орын алатыны, жаңартылатын энергия көздерін белсенді дамытып келе жатқаны және атом энергетикасы саласындағы жобаларды іске асыруды бастағаны аталып өтті. Сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылымды цифрландыруға және өңіраралық әрі жаһандық энергетикалық тұрақтылықты нығайтудың факторы ретінде трансшекаралық көлік байланысын дамытуға басымдық берілуде екендігі мәлім етілді.
Елші өз сөзінде Қазақстанда институционалдық тұрақтылықты нығайтуға, технологиялық жаңғыртуға және әділетті әрі теңгерімді экономикалық модель қалыптастыруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Сөзінің соңында Т.Сұлтанғожин энергетика саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, Қазақстанның Грекияны Еуропалық Одақ пен Шығыс Жерорта теңізі кеңістігіндегі маңызды әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2026, 20:12 991
Қазанда қазақ ұлттық-мәдени автономиясының дамуы мен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов ТР "Қазақстан" қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы" ӨҚҰ белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ дипломаты төраға Құсайын Исмағұловты тағайындалуымен құттықтап, оның көпжылдық тәжірибесі мен республикадағы ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан жеке үлесін атап өтті. Кездесу барысында тараптар ұйымның қызметі, ана тілін сақтау, домбырада ойнауға үйрету курстарын өткізу мәселелерін талқылап, 2026 жылға арналған, оның ішінде мәдени-гуманитарлық іс-шараларды бірлесіп өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіледі.
Сағит Жақсыбаевтың қазақтардың автономиясын қалыптастырудағы және 1993-2007 жылдары басқарған республиканың Ұлттық-мәдени ұйымдары қауымдастығын құрудағы негізгі рөлі және оның есімін мәңгі сақтау жөніндегі ұйымның маңыздылығы атап өтілді.
Кездесуде қазақ диаспораларын біріктіруде және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда шетелде қазақтардың ұлттық бірегейлігін сақтауға жәрдемдесетін "Отандастар" қорының қызметі ерекше маңызға ие екендігі аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2026, 19:43 31
Серік Жұманғарин 2026 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің алғашқы отырысын ашты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуде. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің биылғы алғашқы отырысын аша отырып, Серік Жұманғарин Кеңес мүшелері мен байқаушы елдердің өкілдеріне арнап сөз сөйлеп, Қазақстан төрағалығының негізгі басымдықтарын атап өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті мемлекет басшыларына жолдаған үндеуінде ЕАЭО аясындағы ортақ жұмысымыздың басым бағыттарын айқындады. 2026 жылы экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллект құралдарын енгізуге, Одақтың логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға, өзара саудадағы кедергілерді жоюға, сондай-ақ үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аудару ұсынылады", - деді ол.
Сонымен қатар ортақ процестерді толық көлемде жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қазіргі таңда бекітілген 77 ортақ процестің тек 42-сі ғана нақты жүзеге асырылған. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері өзара интеграцияланбай, Одақ ішінде тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету қиын.
Басым бағыттардың бірі ретінде "кедергісіз" транзит аталды. Бұл навигациялық пломбаларды кең көлемде қолдануды, бірыңғай транзиттік декларацияны енгізуді және кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етудің біріздендірілген тетіктерін пайдалануды көздейді. Аталған шаралар тасымалдың жылдамдығы мен құнына тікелей әсер етеді.
Сондай-ақ кооперациялық жобаларды дамытуға айрықша көңіл бөлінбек. Қазіргі уақытта Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей компанияларының қатысуымен бес кооперациялық жоба мақұлданған. Негізгі міндет - кооперация қоржынын кеңейту, бірлескен өндірісті ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және локализациялау деңгейін арттыру.
Өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында үшінші елдермен сауда келісімдерін кезең-кезеңімен ілгерілету ұсынылды. Бұл келісімдер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнесі үшін тұрақты өсудің негізгі көздерінің бірі ретінде қарастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2026, 19:10 1216
Испания депутаттарына Қазақстандағы конституциялық реформалар бағыты таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Сенатының Экологиялық көшу жөніндегі комитетінің төрағасы Хосе Анхель Алонсо және Комитет мүшесі Ракель Мараньонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ Қазақстан мен Испания арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту жөніндегі қадамдарды талқылады. Испан тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдіріп, парламентаралық өзара іс-қимылдың қазақ-испан қатынастарын тереңдетуде маңызды рөлін атап өтті.
Елші Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған алдағы конституциялық реформалар туралы ақпарат берді. Испания Сенатының өкілдері аталған бастамаларға оң баға беріп, олардың институционалдық негіздерді нығайтуға және елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ энергетикалық күн тәртібіндегі мәселелерге ерекше назар аударылып, энергетика саласының орнықты дамуын қамтамасыз ету, энергиялық көшу үдерістері, энергия тиімділігін арттыру және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу тақырыптарына тоқталды. Испанияның Қазақстанмен энергетика саласындағы диалогты дамытуға қызығушылығы атап өтіліп, "жасыл" энергетиканы дамыту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тәжірибесі ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттарда практикалық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге дайын екендіктерін растады және бірлескен бастамаларды әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2026, 18:07 1471
Кувейт Қазақстаннан ет өнімдерін жеткізуге қызығушылық танытуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Кувейттегі Елшілігі "Eurasia Agro Semey" қазақстандық компаниясы өкілдерінің Кувейт Мемлекетіне сапарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған компания Қазақстанда ірі ет өңдеу комбинатын салу жобасын іске асыруда.
Сапар аясында "Eurasia Agro Semey" компаниясы кувейттік "ALMARAI National Co." компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат 2026 жылдың тамыз айында кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін ет өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Тараптардың ниеттерін көздейді.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарында қазақстандық агроөнеркәсіптік өнімнің қатысуын кеңейтуге бағытталған.
Сапар барысында қазақстандық компания басшылығы Кувейттегі азық-түлік дистрибуциясы саласындағы ірі сауда тобы - "Al-Yasra" компаниясымен, сондай-ақ Кувейттегі ең ірі супермаркет желілерінің бірі - "The Sultan Center" компаниясымен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық орнату перспективаларын, сондай-ақ Кувейт нарығына жоғары қосылған құны бар қазақстандық экспорттық өнімді жеткізудің ықтимал форматтарын талқылады.
Eurasia Agro Semey" өз жобасын кеңес дәуіріндегі саладағы ірі кәсіпорындардың бірі - Калинин атындағы Семей ет комбинатымен тарихи байланысты аумақта жүзеге асыруда.
Қазіргі уақытта компания халықаралық стандарттарға сай келетін, өңірдің өндірістік дәстүрлерінің сабақтастығын сақтай отырып, заманауи жоғары технологиялық ет өңдеу кешенін салуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2026, 17:05 1656
Қазақстан Орталық Азия ядролық қарусыз аймағына төрағалық ететін болады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа (ОАЯҚАА) қатысушы мемлекеттердің жыл сайынғы консультативтік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында 2026 жылға арналған шарт аясындағы төрағалық функциялары Қазақстанға ресми түрде тапсырылды. Сонымен қатар, тараптар БҰҰ аясындағы іс-қимылдарды үйлестіруді қоса алғанда, 2025 жылғы бірлескен жұмыс пен ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылады.
Қазақстан делегациясы төраға ретінде биылғы жылдың мерейлі екенін - Семей қаласында қол қойылғаннан бері 20 жыл (2006 ж.) толып отырғанына тоқтала келе, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) пен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың (ЯҚТСШ) Шолу конференцияларын қоса алғанда, қарусыздану және таратпау саласындағы негізгі алаңдарда тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
2026 жыл барысында Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
ОАЯҚАА туралы шартқа ("Семей шарты") Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында қол қойып, барлық бес тарап ратификациялағаннан кейін 2009 жылғы 21 наурызда күшіне енді.
Семей шартының бірқатар бірегей ерекшеліктері бар: ол бір кездері ядролық қаруды белсенді орналастыру және сынау үшін полигон болған және әскери мақсатта уран қарқынды өндірілген аймақта Солтүстік жарты шарда ядролық қарусыз бірінші аймақты құрды. Сонымен қатар басқа ұқсас аймақтардың ішінде ОАЯҚАА екі ядролық державамен бірден ең ұзын құрлық шекарасының болуымен ерекшеленеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.01.2026, 11:50Алматы тауларында сирек кездесетін барыс ұсталды 30.01.2026, 08:49 1946Қазақстан мен Польша екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті30.01.2026, 09:53 1856Қазақстан мен Польша өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерінің кең ауқымы бойынша ұстанымдарын салыстырды30.01.2026, 10:55 1421Берлинде Қазақстан мен Германияның екіжақты ынтымақтастығының келешегі талқыланды30.01.2026, 11:57 1336Қазақстан мен Эфиопия аграрлық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда
27.01.2026, 16:57 70756Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады27.01.2026, 11:55 70021Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады27.01.2026, 09:48 60511Астанада көрнекті қазақ дипломаты Нәзір Төреқұловты еске алуға арналған салтанатты жиын өтті26.01.2026, 21:46 51826Ыстанбұлда Қазақстанның инвестициялық, экспорттық және туристік әлеуеті таныстырылды29.01.2026, 11:37 47831Қазақстан СІМ-де халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды
21.01.2026, 10:52 216416Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216376Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2149912025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді20.01.2026, 22:18 212861Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті20.01.2026, 18:14 208431Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады

