04.02.2026, 17:15 4176

Қазақстан мен Сербия құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Сербия құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов Сербия Әділет министрі Ненад Вуичпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен құқықтық жүйені дамытудың өзекті бағыттары талқыланды.

Келіссөздер аясында тараптар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер, оның ішінде халықаралық-құқықтық ынтымақтастық бойынша пікір алмасты.

М.Атамқұлов сұхбаттасын Қазақстанда қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа туралы хабардар етті.

Н.Вуич Сербияда ағымдағы және жоспарланған реформалар жөнінде баяндап, Сербия Әділет министрлігінің Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға әзірлігін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растап, тәжірбиелік өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны