02.03.2026, 11:13 1801
Қазақстан мен Таиланд ынтымақтастықты нығайту перспективаларын айқындады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африка істері жөніндегі департаментінің Бас директоры Ураса Монгколнавинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін және Қазақстан мен Таиланд арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бағыттарын талқылады. Саяси диалогты дәйекті түрде дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы әріптестікті нығайтуға өзара бейілділік расталды.
Сұхбаттастар алдағы екіжақты іс-шараларға дайындық мәселелерін қарастырып, екі елдің ішкі саяси күн тәртібі бойынша ақпарат алмасты, оның ішінде Таиланд Корольдігінде өткен парламенттік сайлау және Қазақстан Республикасында жоспарланған конституциялық референдум мәселелері қозғалды.
М.Баймұхан референдумды өткізудің құқықтық және институционалдық негіздерін егжей-тегжейлі баяндап, оның демократиялық институттарды одан әрі дамыту мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызын атап өтті.
Қазақ дипломаты цифрлық трансформация және инновациялық даму мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол Алматы қаласында БҰҰ ЭСКАТО аясында Өңірлік цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі Қазақстан бастамасы туралы ақпарат беріп, оның цифрлық технологияларды ілгерілетуге, электрондық үкіметті дамытуға, цифрлық сауданы қолдауға және цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Тұрақты және инклюзивті цифрлық дамуды қамтамасыз ету үшін көпжақты құрылымдар шеңберінде күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы айтылды.
Гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында тараптар мәдени және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылдың халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың негізі екенін атап өтті. Мәдени іс-шаралар, академиялық алмасулар және тиісті мекемелер арасындағы ынтымақтастықтың оң серпіні белгіленіп, мәдениет, ғылым және жоғары білім беру салаларындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайындық білдірілді.
Сұхбаттастар сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасып, халықаралық алаңдарда сындарлы диалог пен үйлесімді іс-қимылды жалғастыруға мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.03.2026, 21:12 546
Амман қаласында Қазақстан мен Иордания арасындағы экологиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Достарға айту
Иордан Хашимит Корольдігінің Қоршаған орта министрлігінде Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай аталған ведомствоның басшысы Айман Абдулла Сүлейманмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және табиғи ресурстарды орнықты басқару салаларындағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ салалық халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды талқылады.
Қазақстан Елшісі иордан тарапын 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген алдағы Республикалық референдум туралы хабардар етті. Референдумға Қазақстан Конституциясы жаңа редакциясының жобасы шығарылатыны атап өтілді. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіруге және билік институттары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталғанына назар аударылды.
Қазақстан Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсанда БҰҰ қамқорлығымен су қауіпсіздігі саласындағы жаһандық үйлестіруді нығайтуға бағытталған су ресурстары мәселелері жөніндегі мамандандырылған халықаралық құрылым құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.
Осы тұрғыда Елші Министрге "Өңірлік экологиялық саммит - 2026" іс-шарасына қатысуға ресми шақыру хатын табыс етіп, аталған жиын Қазақстанның БҰҰ Су ресурстары жөніндегі мамандандырылған құрылымын құру бастамасын ілгерілетуге бағытталған халықаралық жұмыстың бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық күн тәртібі бойынша диалогты әрі қарай дамытуға және екіжақты деңгейде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 20:11 31
Братиславада парламенттік дипломатия мен Қазақстанның саяси жаңғыру үдерісі талқыланды
Достарға айту
Қазақстанның Словак Республикасындағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ұлттық кеңесінің депутаты Михал Бартекпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан мен Словакия арасындағы саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары қарастырылды.
Екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттары, соның ішінде парламентаралық диалогты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Қазақстан Елшісі мемлекетаралық қатынастарды нығайтудың тиімді құралы ретіндегі парламенттік дипломатияның рөлін атап өтіп, Словакия парламентінде Қазақстанмен достық тобын құру жоспарларын құптап, ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеялары жұмысына қатысу аясында екі ел парламентарийлері арасында тығыз байланыстар орнатуды қолдайтынын білдірді.Дипломат сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту басымдықтарымен таныстырды. Әңгіме барысында "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасы негізінде мемлекеттік дамудың кемел кезеңіне көшу үдерісін аяқтауға бағытталған конституциялық реформаға ерекше назар аударылды.
Словакиялық депутат реформаның тұжырымдамалық қағидаттарына, атап айтқанда бір палаталы Парламентке (Құрылтайға) көшу, Вице-Президент институтын енгізу және жалпыұлттық диалогтың жаңа платформасы - "Қазақстанның Халық Кеңесін" құру мәселелеріне қызығушылық танытты.Қазақстанда 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтетіні хабарланды.
Аталған құжат азаматтық қоғам өкілдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен ашық форматта әзірленгені аталып өтті. М. Бартек жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елдің прогрессивті мемлекет ретінде одан әрі дамуы үшін маңызды екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тұрақты диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 19:07 861
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың мәлімдемесі
Достарға айту
Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіреді.
Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ұсынушылардың бірі ретінде қарулы қақтығыстар жағдайында адамгершілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтеді.
Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты ұстанымының өзгермейтінін растайды.
Өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тараптарды барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 18:05 416
Қазақстан Орнықты даму мақсаттарына бейілділігін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастық негіздемелік бағдарламасының Басқарушы комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, БҰҰ агенттіктері, бағдарламалары мен қорларының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Өз сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу мемлекеттік жоспарлау жүйесіне толық енгізілгенін және Үкіметтің тұрақты ведомствоаралық бақылауында екенін атап өтті. Оның айтуынша, елде ОДМ бойынша шамамен 200 ұлттық индикатор қолданылады, бұл прогресті жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің 6,5%-ға өскенін айтып, әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты динамикасын атап өтті.
Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча елдің айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін мәлімдеді: ОДМ нысаналы көрсеткіштерінің шамамен 40%-ы орындалған немесе тұрақты іске асырылу жолында, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 18%-дан едәуір жоғары. Ол сондай-ақ жаңа Конституция жобасы бойынша жалғасып жатқан қоғамдық диалогты қоса алғанда, реформалардың дәйекті жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Мемлекет басшысы БҰҰ Қазақстан үшін халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала беретінін бірнеше рет атап өткенін айтты. Осы тұрғыда 2026-2030 жылдарға арналған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы бірлескен жұмыстың стратегиялық бағдарын айқындайтыны және БҰҰ қолдауының ұлттық даму басымдықтарына толық сәйкес келетінін жеткізді.
Д.Теменов сондай-ақ Қазақстанның бастамасымен Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығы құрылғанын еске салды. Бұл қадам даму бағытына негізделген өңірлік көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес болды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Басқарушы комитет 2025 жылғы жұмыстың нәтижелерін мақұлдап, ағымдағы жылға арналған басымдықтарды бекітті, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ арасындағы Орнықты даму мақсаттарына жету үшін стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 17:03 181
Шаңхайда ҚХР - ШЫҰ Метаболикалық аурулар бойынша ынтымақтастық орталығы ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров Шаңхай Цзяотун университеті медицина колледжіне қарасты Жуйцзинь ауруханасы негізінде Қытай - ШЫҰ Метаболикалық аурулар бойынша ынтымақтастық орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Орталықтың ресми ашылу салтанаты Шаңхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың және Шаңхай қаласының мэрі Гун Чжэннің қатысуымен өтті. Іс-шараға сондай-ақ ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті басшысының орынбасары Чжэн Чжэ, ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Бинь, Шаңхай қаласы мэрінің орынбасары Чэнь Юйтянь, Шаңхай халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшысы Ма Инхуэй, Жуйцзинь ауруханасының директоры Ниң Гуаң қатысты.
Қытай дәрігерлері метаболикалық аурулар (соның ішінде қант диабеті, семіздік және жүрек-қан тамырлары асқынулары) бүгінде ШЫҰ елдерінде кең таралғанын атап өтті. Урбандалу үдерісінің күшеюі, өмір салтының өзгеруі және халықтың қартаюы Еуразия елдері үшін денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің біріне айналды.
Осыған байланысты жаңа Орталық ғылыми әлеуетті біріктіруге, бірлескен зерттеулерді дамытуға, клиникалық тәжірибе алмасуға және диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізуге бағытталған. Орталық метаболикалық ақауларды ерте анықтау бойынша заманауи тәсілдерді, пациенттерді цифрлық бақылау шешімдерін, сондай-ақ терапия саласындағы жетістіктерді ұсынуға дайын.
ШЫҰ Бас хатшысы Н. Ермекбаев ұйымға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, жаңа Орталық мамандар даярлау, бірлескен зерттеулер жүргізу және аурулардың алдын алу бойынша бірыңғай тәсілдер қалыптастыруға арналған практикалық алаңға айналатынын айтты.
Тараптар метаболикалық аурулармен күрес тек медициналық шараларды ғана емес, сонымен қатар деректер алмасу, білім беру бағдарламалары және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бірлескен бастамаларды қамтитын жүйелі мемлекетаралық өзара іс-қимылды талап ететініне келісті.
Орталықтың ашылуы Қытай мен ШЫҰ мемлекеттері арасындағы гуманитарлық және ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы ғана емес, сонымен қатар өзара сенім, теңдік, мәдени әртүрлілікті құрметтеу және ортақ дамуға ұмтылу қағидаттарына негізделген "Шанхай рухын" нығайтуға үлес қосты.
Шаңхай ынтымақтастық ұйымы 2001 ж. 15 маусымда Шаңхай қаласында құрылды. Қазіргі уақытта ұйым 3,4 миллиардтан астам халқы бар 10 мүше мемлекетті біріктіреді, сондай-ақ 2 бақылаушы мемлекет пен 15 диалог бойынша серіктес елді қамтиды. Ұйымның штаб-пәтері Бейжің қаласында орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 16:26 1071
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ресейдің мәдени астанасында ұлы қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы ұйымдастырған бұл шара Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы үзілмес мәдени-тарихи байланыстың айқын көрінісі екенін білдірді. Жамбыл Жабаевтың бейнесі қала тарихында ерекше орын алады. Ақынның "Ленинградтық өренім!" атты өлмес туындысы Ұлы Отан соғысы жылдарында блокададағы қала тұрғындары үшін зор рухани демеу болды.
Салтанатты шараға ҚР Бас консулдығының дипломаттары, Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар жөніндегі комитеті мен Орталық аудан әкімшілігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ұлы ақын рухына қазақ диаспорасының өкілдері мен РФ әскери академияларында білім алып жатқан қазақстандық курсанттар тағзым етті.
Шараға қатысушылар Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы ортақ құндылық екенін және заманауи гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың маңызды негізі болып табылатынын атап өтті. Ақынның есімі Санкт-Петербургтің орталығындағы көшеге берілген ақын бейнесі екі мемлекет арасындағы достық пен өзара құрметтің жарқын символы болып қала бермек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 15:24 1236
Мысырда Қазақстандағы Конституциялық реформалар талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінде жергілікті зиялы қауым, Әл-Азһар университетінің ғалымдары, сарапшылар, бизнес және БАҚ өкілдеріне арналған ауызашар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған шара барысында Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс мысырлық қауымға Қазақстанда мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған ауқымды конституциялық реформалардың жүргізіліп жатқандығы туралы ақпарат берді.
А.Жеңіс Қазақстанда құрылымдық тұрғыдан да, мазмұны жағынан да түбегейлі ерекшеленетін жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдумның өтетіні туралы айтты.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар жаңа Конституцияның ендігі кезекте бір палаталы Парламентке көшу, Вице-Президент институтын енгізу, сондай-ақ заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауды күшейту және т.б. маңызды мәселелерді қамтитыны хабардар етілді.
Өз кезегінде, мысырлық тарап өкілдері Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан саяси өзгерістерді талқылауда белсенділік таныта отырып, олардың маңыздылығына өздерінің жоғары бағаларын берді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастардың дамуын ілгерілетуге бағытталған бірлескен жұмыстарды жүргізуге мүдделіктерін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 14:21 1426
Ыстанбұлдың ғылыми-академиялық қауымдастығы Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығында қаланың жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды талқылауға арналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге Ыстанбұлдың ғылыми-академиялық қауымдастығының өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам, сарапшылар және зерттеушілер қатысты.
Басқосу барысында Қазақстандағы саяси жаңғыру үдерісі, жаңа Конституцияның тұжырымдамалық негіздері, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту тетіктері жан-жақты таныстырылды. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған құқықтық жаңашылдықтар туралы айтылды.
Ғылыми орта өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың жүйелілігіне, олардың құқық үстемдігін нығайтуға және институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғанына жоғары баға берді. Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму үшін берік құқықтық негіз қалыптастыратыны аталып өтті.
Іс-шара қорытындысында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл реформалардың стратегиялық маңыздылығына тоқталып, академиялық қауымдастықпен өзара сараптамалық диалогты жалғастыруға мүдделі екенін білдірді. Түркия тарапы ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және тәжірибе алмасуды дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.03.2026, 09:03ТЖМ құтқарушылары газ құю станциясындағы өртті сөндірді
26.02.2026, 17:47 226786Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 226776Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 19:51 226616Қазақстан мен Грекия білім беру саласындағы серіктестікке жаңа серпін беруде26.02.2026, 23:04 226611Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 22:48 226591Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты
26.02.2026, 17:47 226786Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 226776Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 19:51 226616Қазақстан мен Грекия білім беру саласындағы серіктестікке жаңа серпін беруде26.02.2026, 23:04 226611Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 22:48 226591Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты

