23.02.2026, 20:14 4811

Қазақстан мен Өзбекстан геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Өзбекстан геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрі Бобир Исламовпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. Салалық ынтымақтастықтың дәйекті оң динамикасы және бейінді ведомстволар арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.

2025 жылғы қарашада Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде сирекжер және критикалық материалдар бойынша бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізудің маңыздылығына назар аударылды.

Геологиялық саланы цифрлық трансформациялау бағытындағы ынтымақтастық перспективаларына, оның ішінде ұлттық цифрлық геологиялық ортаны қалыптастыруға және геологиялық деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи талдамалық құралдарын енгізуге ерекше назар аударылды. Цифрлық шешімдерді қолдану геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және саладағы стратегиялық жоспарлау сапасын нығайтуға ықпал ететін болады.

Сараптамалық диалогты тереңдету мақсатында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық-өзбекстандық ғылыми өзара іс-қимылды жүйелі дамыту, оның ішінде бейінді ведомстволар, ғылыми-зерттеу институттары және салалық мамандар арасындағы кооперацияның маңыздылығы расталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігі расталып, барлық деңгейде белсенді жұмыс байланыстарын қолдауға дайындық білдірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны