26.02.2026, 13:38 3856

Қазақстан мен Өзбекстан салық салу саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Өзбекстан салық салу саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Салық комитетінің Төрағасы Фаррух Пулатовтың кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында қарқынды дамып келе жатқан қазақ-өзбек қатынастары аясында салық саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Елші Өзбекстанда салық жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан реформаларды, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жақында енгізілген жеңілдіктерді, сондай-ақ салықтық рақымшылық шараларының тиімділігін атап өтті.

Дипмиссия басшысы Қазақстанда жүргізілген салық саясаты реформалары, соның ішінде әкімшілендіру жүйесін жаңғырту және осы жылдың басынан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуі туралы хабарлады.

Кездесу барысында салық саласын цифрландыру, электрондық сервистерді дамыту және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар шетелдік инвесторларға қатысты салық саясаты, арнайы экономикалық аймақтардың қызметі, сондай-ақ IT Park Uzbekistan резиденттеріне ұсынылатын қолданыстағы преференциялар жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша салық саясатының болжамдылығын қамтамасыз ету және бизнес үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында профильдік ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтіліп, екі елдің салық органдары арасындағы тәжірибе алмасуды әрі қарай дамытуға дайындық білдірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны