28.11.2025, 19:26 35386

Қазақстан Сыртқы істер министрі Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қорының басшысымен кездесу өткізді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қорының басшысымен кездесу өткізді
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұловамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сұхбат барысында тараптар Қор аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, ұйымның жобалық қызметі бойынша пікір алмасты.

Е.Көшербаев Қазақстанның түркі ынтымақтастығының мәдени-гуманитарлық бағытын дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

А.Райымқұлова ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесі тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәлімет беріп, Қордың 2026 жылға арналған жоспарларымен таныстырды.

Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қоры 2012 жылғы 23 тамызда құрылды. Қордың негізгі міндеттері - түрлі іс-шаралар, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру арқылы түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны