02.02.2026, 19:19 2901

Қазақстан ТМД елдерін конституциялық реформалардың негізгі бастамалары туралы хабардар етті

Қазақстан ТМД елдерін конституциялық реформалардың негізгі бастамалары туралы хабардар етті
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі, Қазақстанның ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғылық және басқа да органдары жанындағы қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің бірінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шара барысында Кеңес мүшелерін ү.ж. 20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Қазақстанның болашақ дамуының маңызды бастамаларымен және Қазақстан Республикасындағы конституциялық өзгерістермен таныстырды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының болашақ парламенттің атауына, құрылымы мен өкілеттіктеріне көзқарастары, сондай-ақ оның биліктің қоғамдық-саяси және мемлекеттік институттарын (Халық жиналысы, вице-президенттік және т.б.) реформалау жөніндегі ұсыныстары баяндалды.

Конституциялық реформаларды жүргізу туралы шешімді Қазақстан халқы алдағы жалпыұлттық референдумда қабылдайтыны аталып өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны