30.01.2026, 22:19 566

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің ағымдағы мәселелерін талқылап, дәстүрлі достық пен серіктестікке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға деген өзара мүдделілікті растады.

Қазақстан СІМ басшысы екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты орнаған байланыстарға қанағаттанушылық білдіріп, сімаралық саяси консультациялар мен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тетіктері екенін атап өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты ("Орта дәліз") аясындағы жобалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің тұтас кешені бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны